«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕГІН КЕҢЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда сауда және ойын-сауық орталықтарында мобильді топ мүшелері азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетті. Кеңес берушілер – мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, заңгерлер мен адвокаттар. Шараға он шақты маман қатысты.

Тұрғындар түрлі мәселе бойынша ақыл-кеңес алғанымен, ең жиі талқыланған сұрақ – тасқын судан келген шығынды өтеу жөнінде болды. Тұрғындардың бұл сұрағына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері жауап берді.

“Жиі айтылған мәселенің бірі – нысандарға су беру. Қазір көптеген адамды түрлі сұрақ мазалайды. Көптің көкейінде “Жазғы сумен жабдықтауға тікелей қосылған дұрыс па, қандай су келеді?” деген сауалдар жүргені анық. Сондықтан шараға “Қызылжар су” серіктестігінің өкілдері де қатысты”, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басқарма басшысы Дамир Хабибулин.

Облыстық қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының төрағасы Евгений Кинцельдің айтуынша, тұрғындар интернет алаяқтар туралы жиі сұрайтын көрінеді. Мәселен, қулар облыс тұрғынының сыртынан несие алған. Ал коллекторлар несиені қайтар деп мазалап жатқан көрінеді. “Азаматтық кодекс бойынша шартқа адамның өзі қол қоймаған жағдайда, ол жарамсыз болып табылады. Яғни, ештеңе төлеудің қажеті жоқ”, – деді Евгений Кинцель.

Жоспар бойынша жыл аяғына дейін заңгерлерден құралған мобильді топ облыстың әр ауданына бармақ.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp