«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тең тарқасты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан ел біріншілігінің ке-зекті ойындары өтті. Тоғызыншы турда жергілікті “Қызылжар” клубы сырт алаңда талдықорғандық “Же-тісу” командасына қарсы матч өт-кізді.

Бұл ойынға дейін “Жетісу” ко-мандасы тур­нирлік кестеде 4-ші орында тұрса, жерлестеріміз 8-ші сатыға жайғасқан болатын. Қос клуб үшін де жеңіс ауадай қа­жет еді. Өкінішке қарай, бірде-бір аяқдопшы көзге түсе алмай, екі ко­манда тең тарқасты.

Бірінші тайм басталысымен жерлестеріміз шабуылдауға кіріс­ті. Алайда барлық әрекеттері нә­тиже әкелмеді. Ойынның екінші бөлімінде де “Қызылжар” аяқдоп-шы­лары есепте алға шығуға ұм-тылды. Десе де талдықорғандық қырағы қорғаушылар тосқауыл қоя біл­ді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp