«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫҒЫНҒА БАТҚАН ШАҒЫН БИЗНЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов табиғи апаттан зардап шеккен кәсіпорындарды аралады. Су тасқыны біраз кәсіпкерді шығынға батырғаны рас. Облыс орталығында 127 шағын және орта бизнес субьектісіне залал келсе, Қызылжар ауданында 49 кәсіпкерлік нысан су астында қалған.

Облыс орталығындағы Ойқала шағынауданында орналасқан “Великанов” кондитерлік цехы да – шығынға батқан кәсіпкерліктің бірі. Көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын ғимаратының бірінші қабатына орасан залал келіпті. Бағалау жұмыстары жүргізілгенімен, нәтижесі әлі белгісіз. Кәсіп иесі Маргарита Великанованың айтуынша, техниканы қоспағанда шикізат құнының өзі 8 млн. теңгеге жетіп жығылады.

Ал “Дары моря” жеке кәсіпкерлігі балық өнімдерін сатумен айналысады. Нысанның айтарлықтай бөлігіне залал келген, екі тонна өнім жарамсыз болып қалған. Шығын сомасы – 5 млн. теңге. “Ал техника және ғимараттың ішін жөндеуге 30 млн.-ға жуық қаржы керек”, – дейді кәсіп иесі Елена Пронина. Бұл нысанның ішінде қызыл су 22 күн тұрды. Әлі күнге дейін су сорғызу жұмысы жүріп жатыр.

“Сириус” – аталған шағынаудандағы тұтынушысы ең көп азық-түлік дүкені. Қазір нысан сұрықсыз күйде. Иесі ішін барынша ретке келтіргенімен, күрделі жөндеуді қажет етеді. Техникалар да жарамсыз күйде тұр. Бұл нысанда да бағалау жүргізілгенімен, дүкен иесі уақыт жоғалтпай жөндеу жұмыстарын бастай беруге ниет танытып отыр. Облыс әкімінің орынбасары оның бұл ниетін құптап, қаржыны күтіп, алтын уақытты жоғалтқанша, қажетті жұмыстарды бастай беру керектігін айтты. Ал тиісті құжаттар тапсырылған болса, өтемақы кейін төленеді.

Мұндағы “Урал” дүкені де қарғын судан зардап шеккен. Шағын кәсіпорында әлі бағалау жұмыстары жүргізілмеген. Иесі шығынның көлемі шамамен 1 миллион теңге шамасында екенін айтып отыр.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp