«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қауіпсіздік қаперде болсын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биылғы оқу жылының аяқ­та­луы­на 5 күн қалды. 25 мамыр күні мектеп түлектері бұл күнді өз бетінше мерекелеу кезінде түрлі төтенше жағдайға тап болып жатады. Оқыс оқиғалар­дың алдын алу үшін Ішкі істер министрлігі әр мектепке жауап­ты полиция қызметкері бекі­тілгенін хабарлады.

Министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Әлеке­шевтің айтуынша, былтыр “соңғы қо­ңыраудың” ресми бөлігінен кейін мек­теп түлектері іс-шараларды өз бе­тінше жалғастырған. Мәселен, Жам­был, Атырау облыстары мен Алматы қаласының мектеп бітіру­шілері көлік тізгіндеп, оқыс жағ­дайға тап болған.

“Одан бөлек, балалар тыйым са­лынған жерлерде суға түсіп жатады. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы су айдын­дарының шомылуға жабдықталмаған жерлерінде жасөспірімдердің суға кету жағдайлары тіркелді. Осы­ны ескере отырып, ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтау­ға шақырамыз”, – деді Шыңғыс Әлекешев.

Айта кетейік, салтанатты іс-шаралар барысында полиция органда­ры қоғамдық тәртіп пен жол қауіп­сіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp