«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданының орталығы – Бескөл ауылының тұрғындарымен кездесіп, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша сұрақтарға жауап берді. 

“Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша біржолғы төлем, баспананы беру және жөндеу бойынша ортақ ережелер қабылданған. Біз заң аясында жұмыс істеуіміз қажет. Бұл “қызыл аймаққа” да қатысты. Мен су басу қаупі бар жерден тұрғындардың көшіп кету ниетін түсініп отырмын. Дегенмен Бескөлдегі үйлер техникалық зерттеудің нәтижесі бойынша жөнделеді немесе бұзылады”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі ресми парақшасына.

Сондай-ақ Есіл өзенінің жағалауындағы құрылыс жүргізуге тыйым салынған аймақты 100 метрден 1 шақырымға дейін кеңейту туралы ұсыныспен Парламент Сенатына хат жолданды. Облыс әкімі бұл мәселелер заңмен реттелуі керек деп атап өтті.

Жалпы облыс бойынша су тасқынынан 3 898 үй зардап шекті, бүгінде тұрғын үйлерді бағалау және техникалық зерттеу бойынша барлық жұмыстар аяқталды. 25 мамырға дейін сметалық есеп, баспананы техникалық зерттеу және бағалау бойынша құжаттамаларды беру жүргізіледі.

Тұрғын үй мәселесін шешу үшін “Солнечный 2” шағынауданында 520 үй салынуда.

Оған қоса тұрғындарды биылғы су тасқынын ескере отырып  бөгет салу мәселесі де алаңдатып отыр. 

“Бөгеттерді мамандардың жобалық шешімі бойынша  саламыз.  Барлық мәселелер менің жеке бақылауымда”, –  деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp