«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бірлікті насихаттаған кафедра

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың Қазақстан халқы Ас­самблеясы кафедрасы құрылғанына 10 жыл толған ме­­рейтойын атап өтті. Осы жылдар аралығында ка­­федра – университет ішін­­­де және одан тыс жер­лерде түсіністік пен сенім алаңына айналып үлгерген.

Бүгінде кафедра көпэтносты еліміздің мәдени-тарихи мұ­расын сақтау және насихаттау бойынша тұрақты түрде ауқымды жұмыс жүргізіп келеді.

– 2014 жылдың қазан айында Астана қаласындағы Л.Н.Гуми­лев атындағы Еуразия ұлттық университетінде “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедра­сы ашылды. Содан кейін дәл мұн­дай кафедраның тұсауы Қызылжардағы бі­лім ордасында кесілді. Біз 40 оқу орнымен әріптестік орнат­тық. Арадағы қарым-қатынас ая­сын­да үнемі тәжірибе алмасып тұра­мыз, – деді Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ “Қазақстан халқы Ас­самблеясы” кафедрасының мең­ге­рушісі Наталья Калашни­кова.

Аталған жоғары оқу орнында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы республикада ал­ғашқылардың бірі болып құрылды. Бұл кафедраның білім беру, ғылыми-әдістемелік және тәр­бие­лік атты үш тұғырлы мін­деті бар. Мұнда университет оқы­тушылары, студенттері және басқа да ұйымдардың өкілдері ерікті негізде қызмет атқарады.

Шараның құрметті қонақ­тары “Манаш Қозыбаев” медалі­мен марапатталды. Сонымен қа­тар кафедраның ғылыми-әдістемелік бірлестігінің белсен­ді мүшелерінің, оқыту­шылар мен қызметкерлерінің де еңбегі бағаланды. Салтанатты жиыннан соң қонақтарға Достық үйіндегі этномәдени орталықтарға экскурсия ұйымдасты­рыл­ды. Меймандар өз жетістіктері туралы айтып, музыкалық қабілеттерін көрсетті.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp