«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Халықаралық олимпиадаға жолдама

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы бірінші гим­назияның 11-ші сынып оқушысы Егор Глухих Бразилияда өте­тін халықаралық олимпиадаға жолдама алды. Дарынды жас осыған дейін облыстық және рес­публикалық сайыстардың же­ңім­пазы атанған. Білім бәйгесі 23-ші шілде күні Бразилияда бас­талады. Сайыста еліміздің аты­нан 2 оқушы бақ сынайды.

– Біздің орталық жыл сайын 8-11 сынып оқушыларына ар­налған лингвистикадан респуб­ликалық іріктеу олимпиадасын өт­кізеді. Олимпиаданың басты мақсаты – дарынды оқушы­лар­ды анықтау және де лингвисти­ка бойынша білімдерін жетілді­ру. Білім сайысы аудандық, облыс­тық және республикалық ке­зең­нен тұрады, – деді “Қызылжар дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының аға әдіскері Ғалия Тәшібаева.

Талапты жас сайыстарға бір жыл бойы дайындалған. Со­ның нәтижесінде биыл қатысқан барлық сайыста жеңімпаз атан­ды. Оның алдына қойған мақса­ты – халықаралық білім жары­сында топ жару. Физика пәнін сүйіп оқи­тын білімді жас неміс және ағыл­шын тілін жетік мең­герген.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp