«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңсыз берілген жер учаскелері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір прокурорлары жер қаты­нас­тары саласына талдау жүргі­зіп, өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. Әкімдіктер жер учаске­лерін конкурстан тыс заңсыз бер­ген, кей жер ұзақ уақыт пайдала­нылмаса да қайтарып алу үшін шара қолданылмаған, сондай-ақ меншік құқығы үшін жер пайдала­нушылардан төлем алынбаған. 

Мысалы, Есіл, Уәлиханов, Шал ақын, Тимирязев аудандары мен Петропавл қаласының жер пайдаланушылары Қазақстан Рес­публикасы Жер кодексінің 92-бабын бұзып, жалпы аумағы 8,5 мың гектар болатын 65 жер учас­кесін ұзақ уақыт бойы пайдалан­баған. Осыған қарамастан жергі­лікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары бұл жер­лерді алып қою үшін тиісті шара қолданбаған.

Айыртау ауданы әкімдігі мен Петропавл қаласы жер қатынас­тары бөлімдерінің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республи­касының Азаматтық кодексіне сай жасалған келісімдер бо­йынша жер пайдаланушылардан бе­решекті өндіріп алуға әрекет етпеген. Салдарынан меншік және жалға алу құқығын сатып алу үшін олардың қарызы 94 млн. теңгеге жеткен. 

Сондай-ақ Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бө­лімі жеке және заңды тұлғаларға конкурстан тыс 6 жер телімін берген.

Қадағалау органының актілері бойынша 6 лауазымды тұлға, оның ішінде Петропавл қаласы­ның жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкерші­лікке тартылды, мемлекетке кел­ті­рілген залал – 44 млн. теңге өтел­ді, жалпы кадастрлық құны 180 млн. теңгеден асатын 20 жер учаскесі мемлекет меншігіне қай­тарылды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp