«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Соңғы қоңырау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде биылғы оқу жы­­лын 3,8 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Оның 186 мыңы – 11-сы­нып бітіретін түлектер. Ал өңіріміз бо­йынша 3 мыңнан астам оқу­шы үлкен өмірге қанат қақ­са, соның 85-і – “Алтын бел­гі” төсбелгісіне үміт­кер.

Солтүстікқазақстандық оқу­шы­лар үшін “Мектебім, саған мың алғыс!” атты іс-шара ая­сында соңғы қоңырау соғылды. Барлық білім ордаларында 24 мамыр күні “Білімім – Отаныма” атты бірыңғай сынып сағаттары өтті. Тәрбие сағаты Әнұраннан басталып, оқушылардың жеткен жетіс­тіктері туралы бей­неролик көр­сетілді.

Бұл күні қаладағы “Дарын” мектеп-лицейі, Қожаберген жы­рау атындағы №6 мектептің ба­за­сында 9 және 11 сынып түлек­тері жаңа өмірге қанат қағып, қадам басатын аяулы шақтары жөнінде “Мен. Мектеп. Ұстаз” атты тақы­рыпта эссе жазды.

Жалпы биылғы оқу жылы­ның қорытындысы бойынша, облыста инклюзивті білім беру бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жа­тыр. Мәселен, Айыртау ауданы мен Петропавл қаласындағы №42 орта мектеп қабырғасында ар­найы каби­нет­тер ашылса, “Береке” шағын­ауда­нында салынып жатқан тү­зету мектеп-интернаты қолда­нысқа беріледі.

Сондай-ақ “Жас өркен” ша­ғын­ауданында 280 орынға шақ­талған балабақшаның құрылы­сы баста­лады. Мектепке дейінгі білім беру нысаны 2025 жылы қолданысқа беріледі деп жос­пар­ланған.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp