«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әр бала — жұлдыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда ерекше білім беру қажеттіліктері бар ба­ла­лар мен түзету мектептерінің тәрбиеленушілері ара­сында “Демеу жұлдыздары” атты фестиваль өтті. Бұл байқау биыл жетінші жыл ұйымдастырылып отыр. Оған қатысуға 500-ден астам өтінім түскен. Фестиваль ая­сында балалар сахнаға шығып, ән айтты, би биледі, өлең оқыды және арнайы ұйымдастырылған көрмеге сурет­терін қойды.

– “Демеу жұлдыздары” фес­ти­ва­лін өткізудегі мақсат – ба­лалардың шығармашылық қабі­лет­терін шыңдап, әрі қарай да­му­ды ынталандыру, қолдау көр­сету. Жалпы облыстық балалар мен жасөспірімдер орталығында балалардың қабілетін арттыруға бағытталған 3 үйірме тегін жұ­мыс істейді, – дейді “Демеу” ба­лалық шақ мәселелері жөніндегі үйлес­тіру орталығының маманы Резе­да Баймұхамбетова.

Фестиваль аясында облыс­тық балалар және жасөспірім­дер орталығының директоры Влади­мир Новиков балаларды қолдау­ға қосқан үлесі үшін “Де­меу” ме­далімен марапатталды. Оның ай­туынша, фестивальді өткізуге ор­талық мұғалімдері жә­не үйірме жетекшілері белсене қатысқан. Байқау соңында қатысушы­лардың бәрі бірдей марапатқа ие болды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp