«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жалған құжат жасаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде үш жылдан бері кәсіпкерлерге жалған бионегіздеме беріліп келген. Ал осы зерттеу үшін 120 мың теңгеден төлеген 20 кәсіпкер биыл балық аулау лимитінен қағылуы әбден мүмкін. Бұл жайында облыстық кәсіпкерлік палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестің кезекті отырысында айтылды.

Белгілі болғандай жергілік­ті кәсіпкер – “Су ғылыми-техно­логия орталығы” ЖШС-ның ди­ректоры Александр Рейбандт қолына түскен биологиялық негіздемелердің бірінен се­рік­тестігі бірлескен орындау­шы ретінде көрсетілгенін көзі ша­ла­ды. Бұл құжат балық ша­руа­шылығымен айналысатын биз­нес субъектілеріне су объек­тілерінен балық аулау көлемін анықтау үшін қажет. Ал тоған­дарды тазартуға ма­ман­дан­ды­рылған “Су ғылыми-технология орталығы” ЖШС мұндай ғы­лыми қызмет көрсет­пейді.

Жануарлар дүниесін пай­далануға биологиялық негіз­деме дайындаудың қолда­ныстағы қағидаларына сәйкес мұндай құжаттарды дайындау­мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері айналысады. “Су ғылыми-технологиялық орталығы” ЖШС-да мұндай аккредиттеу бар, бірақ олар тек су айдындарын тазарту бойынша қызметтер көрсетеді. Александр Рей­бандт біреу серіктестік атауын өз мақсаттары үшін заңсыз пайдаланып жатқанын түсініп, бірден облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгінген.

“Жоғарыда аталған бионе­гіз­демелерді “Экосфера” қо­ғам­дық бірлестігі әзірлеген. Бұл ұйым “Су ғылыми-технологиялық орталығы” ЖШС-ның мөрлерін бионегіздемеге ска­нерлеп қойған және кәсіп­орын­ның атына берілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техни­калық қызмет субъектісі ре­тінде аккредиттеу туралы куә­ліктің көшірмесін тіркеген. Сон­дай-ақ осы ғылыми зерттеу­лер­дің қатысушылары ретінде М.Қозыбаев атындағы универ­ситет және “Баймашева” жеке кәсіпкерлігі көрсетілген”, – деді кәсіпкерлер палатасының бө­лім басшысы Айдос Кеңпейі­лов.

Кейін анықталғандай “Эко­сфера” қоғамдық бірлестігі об­лыстың 150-ден астам су ай­дынына “күмәнді” биоло­гия­лық негіздемелер берген. Әзірлеуші және Есіл облысара­лық бассейндік балық шаруа­шы­лығы инспекциясы бұл негіз­демелердің барлығын облыс­тық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жіберген. Атал­ған құжаттар бойынша мем­лекеттік экологиялық сарапта­ма­лар беріледі.

Ауыл шаруа­шы­лығы ми­нистр­лігінің Балық ресурстары комитеті мемле­кеттік экология­лық оң сарап­тамалары бар бионегіздеме­лерге сүйене отырып, балық ресурстары мен бас­қа да су жануарларын аулау­дың жыл сайынғы лимитін бекі­теді. Осының салдарынан өңі­рі­мізде 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде “күмәнді” био­не­гізде­ме­лер бойынша оң мем­лекеттік сараптамаларға сүйе­не отырып 400 тоннадан астам көлемде балық аулауға арнал­ған лимит бекітілген. Кәсіпкер ведомство­ның сайтында үш жыл ішінде өз кәсіпорнының мөрі мен өз қолы көрсетілген 345 ғылыми зерттеу тапқан.

“Яғни, үш қызметкері ғана бар “Экосфера” қоғамдық бір­лестігі үш жыл ішінде бізбен, М.Қозыбаев атындағы уни­вер­ситет және “Баймашева” жеке кәсіпкерлігімен бірлесе отырып 345 көлді зерттеген. Бұл ретте мен “Баймашева” жеке кәсіп­керлігінің иесімен телефон арқылы байланысқа шықтым, Ол Петропавлдан 11 жыл бұ­рын кеткен және бұл іске мүл­дем қатысы жоқ”, – деп атап өтті “Су ғылыми-технологиялық ор­талығы” ЖШС-ның директоры Александр Рейбандт. Ал био­негіздемелерде көрсетілген М.Қозыбаев атындағы универ­ситеттің қызметкерлерінің мұн­дай құжаттарға қол қоюға еш­қандай құқығы жоқ.

Әділдікті іздеген серіктестік директоры дегеніне жетті. Бар­лық “күмәнді” бионегіз­демелер кері қайтарылды. Ал ғылыми зерттеулерге қатысты заңсыз­дық­тарға тергеу орган­дары мен прокуратура нүкте ­қояры анық.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp