Шын мұқтаждарға беріледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1 мамырдағы дерек бойынша 64,2 мың отбасын­дағы 339,7 мың адамға атау­лы әлеу­меттік көмек (АӘК) берілді. Биыл осы мақсатқа бюджет­тен 75,9 млрд. теңге қарасты­рылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеу­меттік қор­ғау министрлігі­нің баспасөз қыз­меті хабар­лады.

Бұрын хабарланғандай, АӘК-тің негізгі мақсаты – отбасының ең­бекке қабілетті мүшелерін жұмыс­пен қамту шараларына тарту ар­қы­лы отбасын қиын жағдайдан шы­ғару, ақшалай қолдау көрсету. Та­бысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеу­меттік көмек беріледі. Осындай от­басылардағы 1 жас пен 6 жас ара­лығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5538 теңге) көлемінде ай са­йын қо­сымша төлем қарастырылған. 1 мамырдағы мәліметке сүйенсек, АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 104,3 мың балаға 1,9 млрд. теңге сомасына қосым­ша төлем бөлінді.

Сонымен қатар су тасқынына байланысты төтенше жағдай ре­жі­мі жарияланған қалалар мен аудандарда осы жылдың екінші тоқ­санында 5 мың отбасына ав­то­матты түрде АӘК тағайындалды.

Биыл ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Прези­дент халықты әлеуметтік қол­дау­дың құрылымы мен тетіктерін қай­та қа­рауды, әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыруды тапсырды. Мемлекет басшысының осы тап­сырмасын орындау мақсатында Ең­бек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың жиынтық кірістері мен шығыс­тарын айқындауды ескере оты­рып, атау­лы әлеуметтік көмек көр­сету үдерісін трансфор­мациялау тетігін әзірлеу бо­йын­ша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл шын мәнінде, мұқтаж азаматтар­ды анықтауға, оларға мемлекет та­рапынан нысаналы қолдауды қам­тамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жылжымалы немесе жылжы­майтын мүлікті сатып алуға, оқу ақысы мен қосымша білім алуға, демалыс пен ойын-сауыққа, сауық­тыруға, жиһаз, тұрмыстық тех­ника заттарын сатып алуға, кре­диттерді өтеуге, тағы басқа қажет негізгі шығыстардың түрлерін көз­деу жоспарланып отыр.

Азаматтардың шығыстары ту­ралы мәліметтерді алуға тиісті мемлекеттік органдар мен ұйым­дардың – Өнеркәсіп және құры­лыс, Цифрлық даму, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің, Ұлттық банктің ақпа­раттық жүйе­лерінің интеграциясы жасалады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp