«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аңсатқан сәбилер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде биыл 1,5 мыңнан астам нәресте дүниеге келсе, 22 бала – “Аңсаған сәби” бағдарламасы аясында өмір есігін ашқан.

Облыстық перинаталдық орталықтың мәліметінше, өңірге “Аңсаған сәби” бағдарламасы іске қосылғалы 608 квота бөлінген. Экстракорпоральды ұрықтандыру 194 жағдайда сәтті аяқталып, ерлі-зайыптылар жылдар бойы күткен сәбилерін бауырларына басты. Осы жылдар ішінде ЭКО арқылы туған нәрестелердің 25-і – егіз, олардың біреуі биыл дүниеге келді.

Жалпы облысқа 2022 жылы 201 квота бөлініп, 70 әйел сәбилі болды. Оның сегізінде егіздер дүниеге келді.

Десек те өңірде биыл туған балалардың саны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда анағұрлым аз. Мәселен, 2023 жылы қаңтар-мамыр аралығында 1808 бала – 847 қыз, 961 ұл (27 егіз) дүниеге келген.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp