«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІ ЖҮЗ ҮЙ ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хам­бетов Ойқала, Былғары за­уыты, Заречное шағынаудан­да­рын­дағы, Тепличное, Прибреж­ное ауылдарындағы мехбрига­да­лардың жұмысы мен үйлерді жөндеу барысын бақылап, зар­дап шеккен тұрғындармен кезде­сіп, аудан әкім­дері орынбасар­ларының есебін тыңдады. Өңір басшысы бар­лық жұмыстарды сапалы әрі уа­қытында атқаруды тапсырды.

Бүгінгі таңда облыстағы үй­лерді бағалау және техникалық зерттеуден өткізу бойынша бар­лық жұмыстар аяқталып, тұрғындарға құжат беріліп жатыр. За­қымданған тұрғын үйлерді тексе­рудің алдын ала қорытын­ды­лары шығарылды.

Солтүстік Қазақстан облы­сында су тасқыны кезінде 3898 үй зардап шекті. 1720 үйді қал­пына келтіру мүмкін емес. Апат­ты деп танылған тұрғындар үшін “Сол­нечный-2” шағынауданында 520 үй салынуда. Барлығы 700 үй тұрғызылады.

Бүгінге дейін 87 пәтер сатып алынды. “Солнеч­ный-2” шағын­ауданын­дағы жаңа баспанаға да 130 өтініш қабыл­данған.

Облыста 2178 үй жөндеуге келеді. Бүгінге дейін 270 үй иесі механикалық бригадалардың кө­мегімен үйлерін жөндеуге келісті. Бұл жұмыс жалғасуда. Қазір 136 үйде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргі­зі­луде. 1055 үй бойынша зардап шеккен тұрғын­дарға өз күшімен үйді жөндеуге төлемдер жаса­лады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp