«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨШЕЛЕР ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНБЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда көше жолда­рын жөндеу бойынша былтыр қол­ға алынған ауқымды жұмыс биыл жалғасын таппақ. Жоспар бойынша 53 көшенің 45 шақы­рымы жөнге келтіріледі.

Петропавл қаласы бойынша партиялық сайлауалды бағдар­ламаның іске асырылуы, алда­ғы жылыту маусымына даяр­лық, облыс орталығын сумен, газбен және электрмен қамта­ма­сыз ету. Осы және өзге де мә­селелер қалалық мәслихаттағы “AMANAT” депутаттық фрак­циясының отырысында қарал­ды. Жол са­пасы – өзекті мәселелердің бірі. Кеңесте қала әкімі Серік Мұ­хамедиев былтыр ұзындығы 58 шақырым болатын 47 көшеде жол төсемі жаңартылғанын айт­ты. Биыл облыс орталығының 53 көшесінде жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Оның 39-ында ешқашан ас­фальт болмаған. Жиын бары­сында Петропавл басшысы тұр­ғын үй құрылысының қарқыны туралы да айтты.

“Өткен жылы 191 мың шар­шы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта 26 құ­рылыс алаңында жұмыс қар­қын­ды жүріп жатыр. Оның 11-і – бюджеттік болса, қалғаны – коммерциялық үй. Халық саны­ның өсуімен тұрғын үйге деген сұраныс артқан. 2024 жылдың со­ңына дейін 207,1 мың шаршы метр баспананы қолданысқа беру міндеті тұр. Бүгінгі күні 21,4 мың шаршы метрі салынды”, – деп атап өтті Серік Мұхамедиев.

Петропавлда жылу желіле­рінің 7,5 шақырымы ауысты­рылмақ. Сонымен қатар осы жылы жергілікті билік өкілдері сорғы жабдықтарын жөндеуді, бе­кіту арматураларын ауыстыру­ды және жылу оқшаулағышты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

“Промышленная – Жуков кө­шесіндегі жылу магистралі бойынша жұмыстар жүргізіліп жа­тыр. Бұл қаланың солтүстік бөлігі мен өнеркәсіптік аймақ­тың қажеттілігін қамтамасыз ету­ге мүмкіндік береді. Сондай-ақ №5 жылу магистралінің құры­лысы жалғасады. Нәтижесінде Орман, Борки шағынауданда­ры, жаңадан салынып жатқан әскери академия ғимараты мен жаңа кәсіпкерлік нысандары ор­талықтандырылған жылу жүйе­сіне қосылады”, – деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы­ғы, жолаушылар көлігі және ав­томобиль жолдары бөлімі бас­шысының міндетін атқарушы Айдын Мәкенов.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp