«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғәуез Нұрмұхамбетов мектеп пәндері­нен республикалық олимпиа­далардың жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті. Өңір басшысы Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ мек­теп-лицейінде болып, Халық­аралық балаларды қорғау күні­не арналған “Көңілді старттар” спорттық іс-шарасы финалының жеңімпаздарын марапаттады.

Мектепте Мағжан оқуларына дайындалып жатқан әдеби үйірме мүшелері­мен де жүздесті. Білімді жетіл­діру, тұлғалық өсу және рухани даму үшін кітап оқудың маңыз­дылығын атап өтіп, жастарға сенім артып, оларды игі істер жасауға шабыт берген жер­лесіміз, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев өскелең ұрпаққа жол көрсетуші екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ Ғауез Нұрмұхам­бетов жалпы білім пәндері бойынша республикалық олим­пиада жеңімпаздары мен жүл­дегерлерімен кездесіп, оларға дипломдар мен ақшалай сый­ақылар табыс етті. Облыста қа­зір республикалық олимпиада­лар мен ғылыми жобалар сайы­сының 35 жеңімпазы мен жүл­дегері бар. Мемлекет басшысы білім мен ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Бұл – біз­дің еліміз үшін стратегиялық ма­ңызды басымдық.

– Талантты, қабілетті жас­тардың ғылыммен айналысуы­на жағдай жасау қажет. Білімді ұрпақ қана елді жаңа белес­терге жеткізе алады. Оқушылар­дың еліміздің дамуы жолында өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруына тілектеспін, – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp