«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қаржы қайда жұмсалуда?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлескен бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарды орындау мақсатында басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.

Талдау көрсеткендей, кәсіпқой клубтардың қаржылық шығындарына бақылаудың жоқтығынан елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындайды. Облыста сегіз спорт клубы (футбол, волейбол, шайбалы хоккей, баскетбол, велоспорт, ұлттық ат спорты түрлері, жекпе-жек) жұмыс істейді. Олар облыс құрамасына республикалық және халықаралық аренада дайындық, оған қатысу жөніндегі қызметтер көрсетеді. Бұл қызметтер “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алу порталында сатып алынады.

Мысалы, басқарма жыл сайын облыс атынан республикалық жарыстарға футболдан команданы дайындау және оған қатысу бойынша қызметті сатып алады (2018 жылдан бастап жергілікті бюджеттен ересек футбол командасын ұстауға 5,8 млрд.теңге бөлінді). Техникалық шарттарды, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін және балама коммерциялық ұсыныстарды зерделеу барысында басқарма тарапынан футбол клубының бюджет қаражатын жұмсауы мүлдем бақыланбайтыны анықталды. Бұл Бюджет кодексінің 32-бабының талаптарын сақтамау болып табылады.

Республика бойынша осыған ұқсас сатып алулардың мониторингі Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы конкурсқа техникалық ерекшелікті қалыптастыру кезінде тапсырыс берушіге ақшалай қаражатты мақсатты пайдалану туралы толық транскрипциясы бар есепті ай сайын ұсынуды міндетті шарт ретінде көрсеткенін анықтады. Бұл норма Бюджет кодексінің талаптарына толығымен сәйкес келеді.

Техникалық ерекшелікте өнім берушілердің (кәсіптік клубтардың) шығыстарын растайтын материалдарды ұсыну бойынша шарттардың болмауынан басқармада шығыстар туралы жалпы мәліметтерді қамтитын орындалған жұмыстардың актілері ғана бар. Сонымен қатар кәсіби велосипед клубының көрсетілген қызметтерінің актілерін талдау кезінде тапсырыс беруші жоспарланған қаражатты алда болатын жарыстарға қатысу фактісі бойынша төлемейтіні анықталды. Велосипед жарыстарына қатысқандығының жалғыз дәлелі – бұл олардың жыл соңында беретін хаттамалары.

Осы ретте сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне және мемлекеттік сатып алу шартына кәсіби спорт клубтарының ақшалай қаражатты нысаналы пайдалану туралы толық ашып жазылған есепті міндетті түрде ұсынуы бөлігінде талаптар енгізілмек.

Сергей МЕЛЕХОВ,

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp