Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліністерінің қызметкерлері отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркеудің өскенін атап өтті. Бұл осындай құқық бұзушылықты тіркеудің анықтау сипатына көшумен байланысты болып отыр.
Заңнамадағы өзгерістерге байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін тіркеу үшін жәбірленуші тараптың арызы енді міндетті шарт болып табылмайды. Полицейлер өздеріне белгілі болған әрбір жағдайды тексеріп, тиісті шаралар қабылдайды.
Жыл басынан бері тұрмыстық салада 1202 құқық бұзушылық тіркелді, ал өткен жылдың осы кезеңінде 823 факті анықталды.
Елімізде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері бойынша тәулік бойы республикалық “қауырт желі” – “111” телефоны жұмыс істейді. Облыстық полиция департаментінің тәулік бойы жұмыс істейтін 102 арнасына да қоңырау шалуға болады.
Александр РОЗБАХ,
жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі.