«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕР ҚОЙНАУЫ ХАЛЫҚҚА ТИЕСІЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміздің Ата Заңына сәй­кес жер қойнауы Қазақстан хал­қы­на тиесілі. Ал оның атынан мен­шік құқығын мемлекет жү­зеге асырады. Жер қойнауын пайда­лану дегеніміз – бұл мемле­кет­тік геологиялық зерттеу­ге, пай­далы қазбаларды бар­лауға және өндіруге қатысты жұмыс­тар. Қазіргі уақытта елі­мізде жер қойнауын пайдалану жөнін­дегі қызмет еліміздің “Жер қой­науы және жер қой­науын пай­далану туралы” кодексімен реттеледі.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабына сәй­кес жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскеле­рін беру облыстың жергілікті ат­қарушы органының құзыретіне жатады. Бүгінгі таңда облысы­мыздың аумағында жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін 58 заңды тұлғаға жалпы ауданы 24,7 мың гектар жер учаскелері берілді.

Жер пайдалану құқығын беру Жер кодексінің 43-бабына сәйкес және Ауыл шаруашы­лығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген “Сауда-саттықты (аук­циондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігін­дегі жер учаскелеріне құқық­тарды сатып алу” мемлекеттік қыз­мет көрсету қағидаларында бел­гіленген тәртіппен веб-портал арқылы жүзеге асыры­лады.

Бұл мемлекеттік қызметтің бірінші кезеңін қарау мерзімі 12 жұ­мыс күнін құрайды. Осы мер­зімге сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысана­лы мақсаты бойынша пайдала­ну мүмкіндігін қарау және жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі (немесе одан бас тарту) ту­ралы шешім қабылдайтын жер ко­мис­сиясының отырысында өті­нішті қарау кіреді.

Бас тартуға көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжат­тардың және (немесе) олардағы де­ректердің (мәліметтердің) дә­йексіздігін анықтау, көрсетілетін қызметті алушының және (не­ме­се) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсы­ныл­ған деректер мен мәліметтердің қағи­даларда белгіленген та­лаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

Сондай-ақ Жер қойнауы ту­ра­лы кодекстің 25-бабының 1-тармағында санамаланған жағдайлар жер қойнауын пай­да­лану үшін жер учаскесін бе­руден бас тартуға негіз болып табылады. Комиссияның оң ше­шімінің мерзімі бір жылды құ­райды. Осы мерзімде жер қой­науын пайдаланушы жерге ор­наластыру жобасын әзірлеуді орындайды.

Жерге орналастыру жұмыстарын азаматтар мен заңды тұлғалар орындайды. Жоба Ауыл шаруашылығы министрі­нің 2022 жылғы 3 маусымдағы №180 бұйрығымен бекітілген жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларына жауап беруге тиіс.

Жерге орналастыру жоба­сын облыстың уәкілетті органы – облыс әкімдігінің ауыл шаруа­шылығы және жер қатынас­тары басқармасы электрондық фор­матта электрондық үкімет порта­лы арқылы 4 жұмыс күні ішінде бекітеді. Бекітілген жер­ге ор­наластыру жобасының негізін­де жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаске­сіне құқық беру туралы Солтүс­тік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы қабылда­нады. Жер учас­кесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқы­ғы­ның мерзімі лицен­зияның (келі­сімшарттың) қолданылу мерзімі негізінде белгіленеді.

Солтүстік Қазақстан облы­сы әкімдігінің жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру ту­ралы қаулысы қабылданғаннан кейін өтініш берушімен жер учас­кесін пайдалану жөніндегі тараптардың құқықтары, мін­дет­тері белгіленетін жер учас­кесін жалға алу шарты жаса­лады.

Бұдан әрі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жүзеге асырылады. “Азаматтарға ар­налған үкімет” мемлекеттік кор­порациясы” АҚ жер учаскесі­не сәйкестендіру құжатын да­йындайды. Содан кейін тіркеу органында құқықтарды (жер пай­далану құқықтарын) мемле­кет­тік тіркеу жүзеге асырылады. Жер учаскесіне құқық бел­гі­лейтін құжаттарды ресім­деуді аяқтағаннан кейін жер қой­науын пайдаланушы ныса­налы мақсатқа және лицензияға (ке­лісімшартқа) сәйкес учаскені пайдалануға кірісе алады.

Берілген жер учаскесінде жер қойнауын пайдалану жө­ніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде жер пайдаланушы Жер кодексінің 65-бабында белгі­ленген талаптарды сақтауға мін­детті. Аталған талаптарды бұзу жер учаскесін жалдау туралы шартты бұзуға негіз бо­лып та­былады.

Сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар (жер пайда­ланушылар) жер учаскесіндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдалану үдері­сінде бұзылған жерлерді қалпы­на келтіру жұмыстарын жүргізу қажет екенін есте ұстағаны жөн.

Ольга ДОНЧЕНКО,

облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp