«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Президенттің қолынан шен алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астанадағы “Атамекен” мемориалды кешенінің қасында орналасқан алаңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әскери оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік погондарын табыс еткені белгілі. Олардың қатарында Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясының түлектері де бар.

Салтанатты шарада Мемлекет басшысы Мемлекеттік Ту мен еліміздің бас қаласы ұлт бірлігінің айқын белгісі, офицерлік шен – Отан алдындағы зор жауапкершілік екенін атап өтіп, батыл және айбынды болып, үлгі көрсету аса маңызды екеніне тоқталды. “Мүлтіксіз қызмет ету – бәріңізге ортақ міндет. Антқа адал болу, Тәуелсіз елімізді қорғау – қастерлі парыз”, – деді.

Бұл күні Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысының қолынан 12 жоғары әскери оқу орнының түлектері, оқу озаттары офицерлік погондарын алды. Олардың қатарында Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясының түлектері – лейтенанттар Тимур Ағыбаев пен Жалғас Төлегенұлы, Абылайхан Айтуаров және Диас Аблакимов бар. Жас лейтенанттар қызметтерін “Мемлекеттік күзет қызметі” мен “Павлодар” өңірлік қолбасшылығында бастамақ.

Жалпы биыл Ұлттық ұлан әскери академиясын 190 түлек аяқтаса, олардың тоғызы үздік дипломға ие болды.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp