«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.06.2024

Көшелер көркейе түсті

Преснов ауылдық округі – ауданның келбеті әрі әлеумет­­тік-экономикалық дамуының айнасы іспеттес. Оның кіребе­ріс және кентішілік жолдары жөнделіп жатыр. Аудан орталығындағы Батырев, Е.Шайкин, Пионер көшелерін, Колхоз қиылысын жөндеуге 200 мил­лион теңгеге жуық қаржы бөлініп, тозығы жеткен жол­дар, сондай-ақ оқушылар тұратын жатақхана қалпына келтірілді. “Преснов ауылдық округінің орталығында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының ау­ма­ғы – 2 гектар. Оның …

Көшелер көркейе түсті Read More »

“Қалыңдық үйі” қайта жаңғырады

Ел аузында “Қалыңдық үйі” ата­нып кеткен көпес Халит Янгуразов салдыртқан екі қабатты нысан республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші саналады. Оны кезінде Мәскеуден келген қа­лыңдықтың тапсырысы бойынша италиялық сәулетшілер модерн стилінде салған. Бірінші қабат кірпіштен, екінші қабат бөренеден тұрғызылған. Ғимараттың қас­беті мен интерьері сәндік сылақ­пен бе­зендірілген. Мұнда 2013 жылдан 2016 жыл­ға дейін Мәдениет және спорт министрлігінің …

“Қалыңдық үйі” қайта жаңғырады Read More »

“СӘЙГҮЛІКТІҢ ШАБЫСЫ-АЙ!”

Өңірде жыл сайынғы дәстүрлі ат спорты маусымының ашылуы өтті. Тұрғындар Қызылжар ауданындағы “Құлагер” ипподромына жиналып, қызықты шараның куәсі болды. Шабандоздар, атбегілер мен жиналған жұртшылықты айтулы күнмен облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев құттықтады. – Құрметті спорт мерекесіне қатысушылар және қонақтар! Бүгін Қызылжар ауданында ат спорты жарыстары бастау алды. Елімізде және облыста ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше …

“СӘЙГҮЛІКТІҢ ШАБЫСЫ-АЙ!” Read More »

Президенттің қолынан шен алды

Астанадағы “Атамекен” мемориалды кешенінің қасында орналасқан алаңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әскери оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік погондарын табыс еткені белгілі. Олардың қатарында Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясының түлектері де бар. Салтанатты шарада Мемлекет басшысы Мемлекеттік Ту мен еліміздің бас қаласы ұлт бірлігінің айқын белгісі, офицерлік шен – Отан алдындағы зор жауапкершілік екенін атап …

Президенттің қолынан шен алды Read More »

ҚОЙ ТЕРІСІН ЖАМЫЛҒАН

Өткен жылдың қараша айында Петропавл қаласының 53 жастағы тұрғынының жанына бейтаныс ер адам келіп, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Ол жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатқан сияқты кейіп танытып, түрлі сипаттағы сұрақтар қоя бастайды. Жәбірленушінің сеніміне кіріп, “тергеу барысында қажет” дегенді сылтау етіп, оның телефонына келіп түскен sms хабарламадағы құпия кодты айтуға көндірген. Кейін анықталғандай, ер адамның …

ҚОЙ ТЕРІСІН ЖАМЫЛҒАН Read More »

Жансақтау бөлімінде жатыр

Петропавлда бес қабатты үйдің терезесінен құлап кеткен 4 жасар бүлдіршіннің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Оқыс оқиға 7 маусым күні болды. “Петропавл қаласы полиция басқармасының “102” жедел нөміріне Ысқақ Ыбыраев көшесіндегі бес қабатты үйдің терезесінен баланың құлап кеткендігі туралы ақпарат түскен. Қазіргі уақытта бүлдіршін облыс орталығындағы емдеу мекемелерінің бірінде. Тексеру жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады …

Жансақтау бөлімінде жатыр Read More »

АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетел компанияларының Қазақстанға инвестиция құюға деген ерекше ден қоюшылығы мен қызығушылығына байланысты экономикалық аймақ бойынша мүлдем басқаша саясатқа көшу талабын қойған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, экономикалық аймақтың тиімділігімен қатар түйткілді тұстарын да саралап, тың тәсілдерді ойластыру – басты міндет. “Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары” Жолдауында экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізгі басымдықтарының …

АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ Read More »

“Таза бейсенбі”

Маусымның басында ел бойынша “Таза Қазақстан” жалпыұлттық науқаны аясында “Таза бейсенбі” республикалық акциясы басталды. “Amanat” партиясының белсенділері мен қоғам өкілдері жұртшылықты тазалыққа шақырды. Өңірде абаттандыру жұмыстарына 800-ге жуық адам шықты. Акция аясында спортшылар, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, жастар, зейнеткерлер мен депутаттар 20-шы шағынауданда тау болып үйіліп жатқан күл-қоқысты тазартты. – Жуков көшесі, 5в мекенжайының маңында …

“Таза бейсенбі” Read More »

ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ШАҒЫМЫ

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлер облыс прокуроры Қайрат Әбдіхановпен кездесті. Облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен кезекті жиында зардап шеккендер өтемақы төлеу рәсіміне көңілі толмайтындықтарын айтты. Өңірде шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың өтемақысын анықтау жөніндегі комиссиялардың құрылғанына бір айдан астам уақыт өтті. Бірақ олардың жұмысы сылбыр. Бүгінгі таңда өңірлік комиссия зардап келтірілген залалды …

ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ШАҒЫМЫ Read More »

Жаңа мектепте оқиды

Облыс әкімі Ғауез Нұр­мұ­хамбетов Тайынша ауданына жұмыс сапары ба­ры­сында әлеуметтік ны­сандардың құрылысын тексерді. Драгомировка ауылында жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүр­гізілуде. Бұған дейін ескі мектептің ғимараты апатты деп танылған еді. “Мердігерге қойылған міндет – құрылысты тамыз айында аяқтау. Балалар оқу жылын жаңа әрі кең мек­тепте бастауы қажет. Бұл ны­сан­ның ашылуы облыстағы апатты мектептердің мәселесін шешпек”, – …

Жаңа мектепте оқиды Read More »

ДИҚАНДАРДЫ ДЕМЕУДІҢ ТЫҢ ӘДІСІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылжар өңіріне жұмыс сапары бары­сында Ойқала шағынауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, баспаналарды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Қала бойынша 2176 үйді қызыл су шайып, 1458-і жарамсыз деп танылған. 718 баспана қайта қалпына келтірілмек. Людмила Жалдактың үйіне техникалық бағалау жүргізіліп, мемлекет тарапынан 9,2 млн. теңге бөлінген. Жөндеу жұ­мыстарын үй иелері өздерінің …

ДИҚАНДАРДЫ ДЕМЕУДІҢ ТЫҢ ӘДІСІ Read More »

Табысты ферма

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жол­да­уында ішкі на­рықты не­гізгі азық-түлік өнімі­мен толық қам­тамасыз ету қажет екенін айтқан болатын. Мұны жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылы­ғымен айналы­сатын жандарға субсидия қол­жетімді болу ке­ректігін алға тартты. Қызыл­жар өңірі сүт өндірісі бойынша елімізде көш бастап тұр. Жуыр­да Шал ақын ауданына бар­ған іссапа­рымызда “LTD Zha-Group” та­уарлы-сүт фер­ма­сында бо­лып, жұмысы­мен танысып қайтқан едік. 2022 …

Табысты ферма Read More »

ҚАРАЛЫ ҚАҒАЗ ЖІБЕРІП, ҚАНШАМА ҚАЙҒЫ САЛДЫ ОҚТАР…

Екінші дүниежүзілік соғысқа Есіл ауданы, Ақтас ауылынан тепсе, темір үзетін зіңгіттей 56 азамат қатысты. Басым бөлігіне топырақ жат жерден бұйырды. Ұлын, отағасын, әкесін зарыға күткен ана, асыл жар, жанары жасқа шыланып, жаутаңдаған бала қайғыдан қан жұтып, тас түйнектей көкірегін жаншыды, жан жарасын тілгіледі. Арада сексен жыл өтсе де, тым болмаса жерленген жері белгілі болып қала …

ҚАРАЛЫ ҚАҒАЗ ЖІБЕРІП, ҚАНШАМА ҚАЙҒЫ САЛДЫ ОҚТАР… Read More »