«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЙ ТЕРІСІН ЖАМЫЛҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылдың қараша айында Петропавл қаласының 53 жастағы тұрғынының жанына бейтаныс ер адам келіп, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Ол жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатқан сияқты кейіп танытып, түрлі сипаттағы сұрақтар қоя бастайды. Жәбірленушінің сеніміне кіріп, “тергеу барысында қажет” дегенді сылтау етіп, оның телефонына келіп түскен sms хабарламадағы құпия кодты айтуға көндірген. Кейін анықталғандай, ер адамның атына бір миллион теңгеден астам сомаға несие ресімделген.

Полиция қызметкерлері жуырда күдіктінің кім екенін анықтады. Ол Петропавл қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Ақпараттық жүйені қолданушының сеніміне кіре отырып, оны алдау арқылы жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Иван ТЕРЗИДИ,

облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp