Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың құрылысын тексерді.
Драгомировка ауылында жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұған дейін ескі мектептің ғимараты апатты деп танылған еді.
“Мердігерге қойылған міндет – құрылысты тамыз айында аяқтау. Балалар оқу жылын жаңа әрі кең мектепте бастауы қажет. Бұл нысанның ашылуы облыстағы апатты мектептердің мәселесін шешпек”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Облыс әкімі Келлеровка ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысын да тексерді. Бұл – ауылдағы алғашқы жабық спорт нысаны болмақ, онда тұрғындар жыл бойы спортпен шұғылдана алады.
Облыста барлығы үш спорт кешені, төрт жабық хоккей кортының, жабық бассейннің және үстел теннисі орталығының құрылысы жүргізілуде.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.