«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа мектепте оқиды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұр­мұ­хамбетов Тайынша ауданына жұмыс сапары ба­ры­сында әлеуметтік ны­сандардың құрылысын тексерді.

Драгомировка ауылында жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүр­гізілуде. Бұған дейін ескі мектептің ғимараты апатты деп танылған еді.

“Мердігерге қойылған міндет – құрылысты тамыз айында аяқтау. Балалар оқу жылын жаңа әрі кең мек­тепте бастауы қажет. Бұл ны­сан­ның ашылуы облыстағы апатты мектептердің мәселесін шешпек”, – деп жазды өңір басшысы әлеу­меттік желіде.

Облыс әкімі Келлеровка ауы­лындағы дене шынықтыру-сауық­тыру кешенінің құрылыс барысын да тексерді. Бұл – ауылдағы ал­ғашқы жабық спорт нысаны бол­мақ, онда тұрғындар жыл бойы спортпен шұғылдана алады.

Облыста барлығы үш спорт кешені, төрт жабық хоккей корты­ның, жабық бассейннің және үстел теннисі орталығының құрылысы жүргізілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp