«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көшелер көркейе түсті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Преснов ауылдық округі – ауданның келбеті әрі әлеумет­­тік-экономикалық дамуының айнасы іспеттес. Оның кіребе­ріс және кентішілік жолдары жөнделіп жатыр. Аудан орталығындағы Батырев, Е.Шайкин, Пионер көшелерін, Колхоз қиылысын жөндеуге 200 мил­лион теңгеге жуық қаржы бөлініп, тозығы жеткен жол­дар, сондай-ақ оқушылар тұратын жатақхана қалпына келтірілді.

“Преснов ауылдық округінің орталығында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының ау­ма­ғы – 2 гектар. Оның шамамен бір гектарына тас төселеді. Соны­мен қатар балалар ойын алаңы, веложол салынады. Демалыс ай­мағына спорттық жабдықтар ор­на­ту қарастырылған. Железное ауылында көше шамдары қойыл­ды. Негізгі шаралар аудан орта­лы­ғында атқарылуда”, – дейді Прес­нов ауылдық округінің әкімі Қайрат Сансызбаев.

Бұдан бөлек, ауданда “Таза Қазақстан” республикалық эколо­гия­лық акциясы аясында көше­лер 1500 тонна тұрмыстық қатты қоқыстан тазартылып, арнайы по­лигонға шығарылды. Әр бейсенбі тазалық күні ретінде белгіленген.

Пресновкадан Благовещен­каға шығаберіс жолды жөндеу де жалғасын тапқан. Железное ауы­лы­на дейінгі 18 шақырым және Пресноредутқа дейінгі 12 шақы­рым жол орташа жөндеуден өтеді. Қайранкөл ауылы бағытындағы облыстық маңызы бар жолды жөн­деу жұмыстарына жобалық-сметалық құжат әзірленуде.

Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жо­лаушы­лар көлігі және автомо­биль жолдары бөлімі басшысы­ның міндетін атқарушы Болат Бейсенбаевтың айтуынша, ауыз-су мәселерін шешуде де игі қа­дам­дар жасалуда. Айтуар мен Баянға су тазалағыш құрылғылар алынып, орнатуға конкурс жария­лан­бақ. Пресноредут пен Кабан елді мекендеріне 50 текше метр­лік бөшке қойылады. Ұзынкөл мен Айымжан ауылдары бойынша мердігердің салғырттығынан жұ­мыс толық аяқталмай қалған бо­латын, жаңа егесі тұрғындарды сапалы ауызсумен жабдықтауға уәдесін беріп отыр.

Жергілікті тұрғындар ауылдың көркейіп, гүлден­геніне қуанышты.

“Болашақта біздің балалары­мыз бен немерелеріміз осында тұрады ғой. Спорт кешені салы­нып, көшелер асфальтталып, абаттандырылып, саябақ ашы­лып, адам танымастай өзгеруде”, – дейді Пресновка ауылының тұрғыны Гүлбаршын Рәзиева.

Игілік РАХМЕТ.

Жамбыл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp