«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Қалыңдық үйі” қайта жаңғырады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел аузында “Қалыңдық үйі” ата­нып кеткен көпес Халит Янгуразов салдыртқан екі қабатты нысан республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші саналады. Оны кезінде Мәскеуден келген қа­лыңдықтың тапсырысы бойынша италиялық сәулетшілер модерн стилінде салған. Бірінші қабат кірпіштен, екінші қабат бөренеден тұрғызылған. Ғимараттың қас­беті мен интерьері сәндік сылақ­пен бе­зендірілген.

Мұнда 2013 жылдан 2016 жыл­ға дейін Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен “Қазқайтажаңарту” мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалы жөндеу-реставрациялау жұмыстарын жүргіз­ген. Алай­да жертөле қабатындағы қол­даныстағы дренаж жүйесіндегі ақау ескерілме­гендіктен, оның со­ңы іргетастың ішінара бұзылуына әкеліп соққан. Осы олқылықтарды ретке келтірмей болмайды, одан басқа да мәселелер же­терлік. Ғылыми-жобалық құжатта­маға сәйкес жалпы магистралға қосылатын су бұру желілерін жаңарту, шатыр құрылымын ішін­ара ауыс­тыру, қабырғаларды гидрооқшау­лау, қасбеттерді, ішкі бөлмелерді қалпына келтіру, қазандықты ауыстыру сияқты міндеттер тұр. Бұ­дан бөлек, су құбыры, кәріз құ­рылғысы, сыртқы терезе блокта­ры ауыстырылып, өрт дабылы мен бейнебақылау жүйесі іске қосылады.

Ғылыми-реставрациялау жұмыс­тары облыстық қазынадан бө­лінген 236 млн. теңге есебінен атқарылады. “Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдала­ну туралы” заң бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерін өзгертуге тыйым салынған. Жұмыс аяқталғаннан кейін ғимарат бұ­рынғыдай тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталы­ғының қарамағында қалады.

Асқар ЖАМЕНОВ,

облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp