«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жол сапасы жақсарады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл Көлік министрлігі еліміз бойынша маңызды әрі ірі жолдардың жөндеу ауқымын ұлғайтқан.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, жөндеу жұмыстары көлік инфрақұрылымын жақсартуға және жергілікті маңызы бар жолдың сапасын арттыруға бағытталған. Өз кезегінде бұл шаралар елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға ықпал етпек.

Өткен жылдары өңірде 31,1 млрд. теңгеге 859 шақырым жол жөнделген. Жұмыс облыстың барлық аудандарында жүргізіліп, республикалық маңызы бар 196 шақырым жолды орташа жөндеуге 9,4 млрд. теңге жұмсалған. Жергілікті және кентішілік жолдардың 663 шақырымы жөнделіп, бұл мақсатқа 21,7 млрд. теңге бөлінді. 47 елді мекенде 148 шақырым жолдың сапасы жақсарған.

Ал биыл Солтүстік Қазақстан облысында 811 шақырым жол жөнделеді. Оның 141 шақырымы республикалық маңызға ие. Қайта қалыпқа келтірілетін трассалардың арасында Явленка – Николаевка ауылдарының арасы бар. Жергілікті маңызға ие жолдың ұзындығы 570 шақырымды құрайды. Биылғы жылы елді мекендерде 54 көше жөнделеді.

Петропавлда 100 шақырым жол желісін жаңалау көзделіп отыр. Алдағы жылы аймақта ауқымды жұмыс атқарылады деп күтілуде. Нәтижесінде республикалық маңызға ие жол сапасының көрсеткіші 100 пайызға жетіп, жергілікті жолдардың үлесі 95 пайызды құрайды.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp