«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еңбектің өтеуі — марапат

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, Президенттің атынан қызметтік және азаматтық борышын орындап, су тасқыны кезінде көрсеткен ерлігі үшін бірқатар солтүстікқазақстандыққа “Құрмет” және III дәрежелі “Еңбек даңқы” ордендерін, “Ерен еңбегі үшін” және “Шапағат” медалдарын табыс етті.

Мемлекеттік қызметті жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар мемлекеттік қызметші және төтенше жағдайлар жүйесінің қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге байланысты жедел қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін тәртіп сақшылары Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарға ие болды.

Өңір басшысы жиында сөйлеген сөзінде мемлекеттік қызметшілер, полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысқанын, тасқын мемлекеттік қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді айбыроймен атқаруға жан-жақты дайын екенін көрсеткенін атап өтті.

Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еліміздің дамуы жолында еңбекте табыс тіледі.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp