«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аллергиядан қыста емделген тиімді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл сайын жаз айла­рында дәрігерлерге маусым­дық аллергияға ша­ғым­данған адамдардың саны күрт көбейеді. Әсі­ресе өсім­діктер гүл­дей­тін шілде мен қазан ай­ларының аралы­ғында ал­лергия белгілері өр­ши түседі. Көп жағ­дайда көзі, мұрны мен та­мағы бітеліп, өзін әлсіз сезінуі мүмкін.

Аллергиясы барлар дәрі­герге дер кезінде қаралып, ау­рудың алдын алуы керек. Се­бебі, аллергияның соңы созыл­малы демікпеге ұла­сып кетуі ықтимал.

“Аллергияны нақты қай өсім­дік тудыратынын анықтау үшін зертханаға қан талдауын тап­сыру керек. Мысалы шілде-тамыз айларында далалық өсім­діктерден жусан гүлдейді, оның тозаңы адамдардың мұрнына, көзіне түсіп, аллергия туды­рады. Аурудың өршіп тұрған ке­зінде ешқандай ем нәтижесін бер­мейді”, – дейді аллерголог-дә­рігер Алма Ешекеева.

Маман толық емді қыс ай­ларында алу қажеттігін жеткізді. Ал арнайы препараттардың кө­мегімен жаз-күз мезгілдерінде түшкіру, мұрын бітелу, көздің жа­саурағанын уақытша жеңіл­детуге болады екен. Жалпы қыс­та емделген науқас бұл дерттен толығымен айығып кетпейді. Тек келесі жазда аллергия жеңіл өтеді.

“Үй ішіндегі аллергендерді жою үшін химиялық тазартқыш­тардан гөрі сірке суы немесе ас содасын қолданған жөн. Хи­миялық заттар мұрын жолдарын тітіркендіріп, симптомдарды кү­шейтуі мүмкін. Темекі түтіні­нен аулақ болу керек. Аэрозольді спрей, отын түтіні де жағдайды ушықтырады. Үй жағдайындағы ең оңай ем – бумен ингаляция жасау. Бұл әрекет мұрын мен тыныс жолдарын ашып, аллер­гияны жеңілдетеді”, – дейді дәрігер.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp