«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Шілде 3, 2024

Бүлінген баспаналар жөнделуде

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерде өңіріміздің он ауданынан келген арнайы бригадалар жұмыс істеуде. Уәлиханов ауданының жұмыс тобына Петропавлдағы Ойқала шағынауданын қалпына келтіру міндеті жүктелген. Светлана Вишнивецкая Ойқала шағынауданында тұрады. Тасқын кезінде екі қабатты үйі бір ай бойы суда тұрыпты. – Әкімдік мамандары келіп, үйді жөндеу құнын 20 млн. теңгеге бағалап кетті. Бұл сома …

Бүлінген баспаналар жөнделуде Read More »

Әуе рейсі

Осыдан жарты ай бұрын Петропавл – Шымкент бағытындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді. Карантин уақытында жұмысын тоқтатқан әуе кемесі қазір күніне 150-ден астам адамды тасымалдайды. – Бұрын үйіме пойызбен баратынмын, әуе рейсі қалпына келтірілгесін ұшаққа билет алдым. Бұл – менің бірінші рейсім. Шымкентке тура баратын рейстің болғанына қуанып тұрмын, – дейді жолаушы Айжан Мұқанбетқали. Петропавл – …

Әуе рейсі Read More »

АУЛАЛАР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласындағы нысандарды аралады. Облыс орталығында теміржол арқылы өтетін жаңа өткелдің құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба жүзеге асырылса, көлік ағынын басқа бағытпен жіберуге, Жұмысшы кентіндегі жол өткеліндегі көлік ағынын азайтуға және қажет болған жағдайда қалалықтарға қолайсыздық туғызбай, жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Көпір құрылысына бюджеттен 5,3 миллиард теңге қарастырылып, 80 пайызы мердігерге …

АУЛАЛАР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ Read More »

АЙМАҚТАҒЫ АҒАЙЫНҒА — АЙРЫҚША НАЗАР

Облысқа жұмыс сапарымен келген Парламент Сенатының депутаттары Ләззат Қалтаева, Әсем Рахметова және Ольга Перепечина алдымен “Қамқорлық” орталығының жұмысымен танысты. Биыл ақпан айында өз жұмысын бастаған мекеме аз уақыттың ішінде жүзге жуық баланы қабылдап үлгерген. Әсел Айдарханованың ана атанғанына үш айдан асыпты. Екі аптадан бері ұлы Жалғасты осында әкеліп жүр. Сәбидің бұлшық етін дұрыс жетілдіру үшін …

АЙМАҚТАҒЫ АҒАЙЫНҒА — АЙРЫҚША НАЗАР Read More »

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ӨЛЕҢ ОҚЫП, ӘН АЙТТЫ

Қаланың орталық сая­ба­ғында ашық аспан ас­тында балалар байқауы өтті. Онда балғын­дар үш бағыт бойынша өнерлерін ортаға салды. “Туған же­рім – туған өлкем” атты көркемсөз оқу бай­қауын И. Шухов атындағы орта­лық қалалық кітап­хана мен “Мир атрак­цио­нов” серіктестігі бір­лесіп ұйымдастырды. Бала­лар­дың оқуға деген қызы­ғу­шылығын ояту, олар­дың бойында сахна мә­дение­тін қалыптастыру, шы­ғар­машылығына қол­дау көрсету мақсатында ұйым­дастырылған ша­ра­ға 6-15 …

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ӨЛЕҢ ОҚЫП, ӘН АЙТТЫ Read More »

Суға батып кетті

Қызылжар ауданы, Приб­­режное елді мекенінің ма­ңында орналасқан “Чер­ное” көліне суға шомылуға бар­ған 20 жастағы жігіт мерт бол­ды. Облыстық төтен­ше жағ­дайлар де­партамен­ті бас­пасөз қыз­метінің мәліме­тінше, оқыс оқиға 1 шілде күні кеш­ке болған. “Белгісіз жағдайда жоғалған 2003 жылы туған ер адамды із­деуге төтенше жағдайлар депар­таментінің жеке құрамынан 3 адам, 5 құтқарушы жұмылды­рылды. Сондай-ақ оқиға орнында полицияның 5 …

Суға батып кетті Read More »

Қоқыстан тазарған орман

Өңірдегі еріктілер “Таза Қазақстан” акциясы аясында Петропавл қаласында өткен “Сlear-FEST” экофестиваліне қатысып, Мещан орманын қоқыстан тазартты. Бұл күні “Таза Қазақстан” ак­циясында жастармен бірге ардагерлер кеңесінің мүше­ле­рінен құралған еріктілердің қатары көп болды. Олар қор­шаған ортаның, айналаның тазалығын сақтап қалу үшін аянбай еңбек етіп, белсене жұмыс атқарды. Фестивальге қатысқан­дар­ға қойылған талап та қызық болды. Жиналғандар топ-топ­қа бөлініп, …

Қоқыстан тазарған орман Read More »

Аллергиядан қыста емделген тиімді

Жыл сайын жаз айла­рында дәрігерлерге маусым­дық аллергияға ша­ғым­данған адамдардың саны күрт көбейеді. Әсі­ресе өсім­діктер гүл­дей­тін шілде мен қазан ай­ларының аралы­ғында ал­лергия белгілері өр­ши түседі. Көп жағ­дайда көзі, мұрны мен та­мағы бітеліп, өзін әлсіз сезінуі мүмкін. Аллергиясы барлар дәрі­герге дер кезінде қаралып, ау­рудың алдын алуы керек. Се­бебі, аллергияның соңы созыл­малы демікпеге ұла­сып кетуі ықтимал. “Аллергияны нақты …

Аллергиядан қыста емделген тиімді Read More »