«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сұранысқа ие өнім

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Суға аса төзімді фанера шы­ғаратын комбинат заманауи кә­сіпорын саналады. Мұнда шикі­зат ретінде қайың ағашы мен шетелдік жабдықтар қолданы­лады. Құрылысқа, жиһаз жасауға қажет шикізатты өңдейді. Қайың бөренені өңдегеннен кейін қал­ған жаңқаларынан ағаш түйір­шіктері жасалады.

Облыс аумағында ламинат­талған фанер өңдейтін зауыт ая­сында ағашты терең өңдеумен ай­налысатын кәсіпорын салын­бақ. Жобаның құны – 8 млрд. тең­ге, оны түркиялық инвестор жүзе­ге асыратын болады. Кәсіп­орын­ның қуаттылығы жылына 50 мың текше метр өнім өндіруге жетеді. 300 адам жұмыспен қамтылады.

Сондай-ақ облыста желім­делген ағаш пен қалыпталған өнім өндіру бойынша да жоба қолға алынбақшы. Бұл іске қа­зақстандық компания кіріспек. Инвестиция көлемі 3 млрд. тең­геге жуықтайды. Кәсіпорын толық қуаттылығына көшкен кезде жылына 40 мың текше метр өнім өндірмек. 35 адам жұмыспен қамтамтылады.

Облыс аума­ғында аталған кластер ая­сында ламинадталған фанер за­уыты жұмыс істеп тұрғанын айта кеткен жөн.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp