Суға аса төзімді фанера шығаратын комбинат заманауи кәсіпорын саналады. Мұнда шикізат ретінде қайың ағашы мен шетелдік жабдықтар қолданылады. Құрылысқа, жиһаз жасауға қажет шикізатты өңдейді. Қайың бөренені өңдегеннен кейін қалған жаңқаларынан ағаш түйіршіктері жасалады.
Облыс аумағында ламинатталған фанер өңдейтін зауыт аясында ағашты терең өңдеумен айналысатын кәсіпорын салынбақ. Жобаның құны – 8 млрд. теңге, оны түркиялық инвестор жүзеге асыратын болады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 50 мың текше метр өнім өндіруге жетеді. 300 адам жұмыспен қамтылады.
Сондай-ақ облыста желімделген ағаш пен қалыпталған өнім өндіру бойынша да жоба қолға алынбақшы. Бұл іске қазақстандық компания кіріспек. Инвестиция көлемі 3 млрд. теңгеге жуықтайды. Кәсіпорын толық қуаттылығына көшкен кезде жылына 40 мың текше метр өнім өндірмек. 35 адам жұмыспен қамтамтылады.
Облыс аумағында аталған кластер аясында ламинадталған фанер зауыты жұмыс істеп тұрғанын айта кеткен жөн.
Диас АЯҒАН,
“Soltüstık Qazaqstan”.