«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құрылысшылар кеңесі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық кәсіпкерлер палатасында құрылыс­шы­лардың салалық кеңесі құрылды. “Атамекен” кә­сіпкерлер палатасының ғи­маратында кеңестің ал­ғашқы отырысы өтіп, оның құрамы белгілі болды. Бұдан былай өңірдегі ірі құрылыс компаниялары­ның өкілдері ортақ мәсе­лелерді аталған кеңесте тал­қылайтын болады.

– Салалық кеңестер бизнес қауымдастық пен мемлекеттік ор­гандар арасындағы байланысқа серпін береді. Жаңадан құрылған кеңес құрылыс саласындағы өзекті түйткілдерді анықтап, кә­сіп­керлердің құқығын қорғап, бизнестің дамуына оң әсер етеді. Сонымен қатар кеңес мүшелері құрылысты дамыту, өңіраралық ын­тымақтастықты нығайту бо­йын­ша ұсыныстар әзірлейді, – дейді кәсіпкерлер палатасы ди­ректоры­ның орынбасары Жеңіс Қа­зиев.

Осылайша өңірдегі құрылыс саласының өкілдері ортақ кедер­гілерді бірге еңсеріп, мемлекеттік органдар мен Үкіметке ұсыныс­тар жіберуге мүмкіндік алып отыр. Сондай-ақ кәсіпкер­лер мемлекеттік бағдарламалар­ды жүзеге асыруға да белсенді ат­салыспақ. Тоқсан сайын кеңес оты­рыстары облыс әкімінің сала­ға жауапты орынбасарының, жар­ты жылда бір рет өңір басшысы­ның қатысуымен өтеді.

Шара барысында кеңес төр­ағасы болып бірауыздан “Ash Stroy” серіктестігінің директоры, “Қазақстан құрылысшылар ода­ғы” өңірлік филиалының төраға­сы Әміржан Шакей таңдалды.

Бірінші отырыста құрылыс материалдарын шығарушылар­дың “E-Qurylys” порталымен бай­ланысты туындаған мәселелері және құрылыс компаниялары­ның табиғи монополиялар субьек­тілерімен қарым-қатынасы қаралды.

– Жаңа кеңес бизнестің да­муына қолайлы жағдай жасап, оның өркендеуіне әсер етеді деп ойлаймын. Алғашқы отырыста бірнеше мәселені қарадық. Осы­лайша бизнес пен мемлекет ара­сындағы диалогты нығайтуға ниет­тіміз, – деді Әміржан Ша­кей.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp