«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа технология — жетістік бастауы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел дамуының қазіргі кезеңінде артықшылықтарға қол жеткізуде инновациялар негізінде жаңа технологияларды игеру маңызды болып табылады. Оларды құру, бір жағынан, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге салынатын инвестициялардың қарқынды өсуін талап етеді, екіншіден кәсіпорындардың жаңа технологияларды игеру қабілетіне байланысты.

2023 жылы 7 кәсіпорын ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді (ҒЗТКЖ) жүзеге асырды. Зерттеулер және әзірлемелермен айналысатын зерттеуші мамандардың саны 115 адамды құрады, олардың қатарында 33 ғылым кандидаты, 14 PhD докторы, 8 ғылым докторы, 28 магистр бар. Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар 1144 млн. теңге шамасында. ҒЗТКЖ ішкі шығындарының жалпы құрылымында шығындардың басым бөлігі инженерлік әзірлемелер мен технологияларға (40,9 пайыз) және ауыл шаруашылығы ғылымдарына (37,6 пайыз), қалғандары жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарға тиесілі.

Шығындар құрылымындағы басты бағыт қолданбалы зерттеулерге арналған. Олар 2023 жылы 67,8 пайызды құраған. Тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге жұмсалатын шығындардың үлес салмағы – 30,6 пайыз, іргелі зерттеулер – 1,6 пайыз.

Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметке ерекше назар аударылуда, өйткені оның түпкілікті нәтижелері – өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігі мен капиталдың өсуі, жоғары технологиялық өнімнің көлемі елдің экономикалық қуатын анықтайды.

2023 жылы облыс кәсіпорындарының өнім және бизнес-процестердің жаңашылдығы бойынша инновациялық белсенділігі 9,7 пайызды құрады. Экономикалық қызмет түрлері бойынша 101 инновациялық белсенді кәсіпорынның басым бөлігі ауыл, орман және балық шаруашылығына – 60,4 пайыз, денсаулық сақтауға – 15,8 пайыз және өңдеу өнеркәсібіне – 12,9 пайыз тиесілі болды.

2023 жылы инновациялық өнім көлемі, 2022 жылмен салыстырғанда, 42,2 пайызға ұлғайып, 117,2 млрд. теңгені құрады. Инновациялық өнім көлемінің 98,8 пайызы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі болды. Өткізілген инновациялық өнімнің жалпы көлемінен (119,7 млрд. теңге) 14,4 пайызы экспортқа жіберілді.

Инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін 86 кәсіпорын заманауи машиналар, жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету құрылғыларын сатып алды, Инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін 11 мәрте оқыту ісі жүргізілді. Бірқатар кәсіпорын сыртқы көздерден білім алды, дизайнды әзірлеумен, нарыққа инновацияларды енгізумен және шығарумен және басқа да қызмет түрлерімен айналысты.

Инновацияларды енгізу нәтижесінде бір кәсіпорынның кірісі 51 пайыздан 100 пайызға дейін, төрт кәсіпорында 25-тен 50 пайызға дейін, 72 кәсіпорында 24 пайызға дейін өсті.

Марал НҰРЖАУЫПОВА,

облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp