«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жол апатына көбіне жүргізуші кінәлі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бас прокурордың №131 бұйрығы негізінде құ­қықтық статистика және арнайы есепке алу органдары 2015 жылдан бері адамдардың жа­рақаттануына немесе қаза болуына соқтыра­тын жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) есебін элек­трондық ақпараттық жүйе бойынша жүргізіп келеді.

Деректерге сәйкес, осы жыл­дың 5 айында облыс аумағында 146 ЖКО тіркеліп, 222 адам зар­дап шекті, оның ішінде 16 адам қайтыс болды. Түрлі дене жара­қаттарын алғандардың 111-і–ер азаматтар, 95-і – әйел адам­дар, 41-і – кәмелетке толмаған­ бала.

Жол-көлік оқиғаларының 70 пайыздан астамы елді мекен­дер­де орын алған. Қолайсыз жағдайларға көбіне жүргізуші­лер кінәлі (89 пайыз). Өткен жыл­мен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының айтарлықтай өс­ке­ні байқалады. Негізгі себеп – ереже-қағидалардың өрескел бұзылуы.

Биылдан бастап дерек­тердің есебін жүргізуге бірқатар өзгерістер енгізілді. Мысалы, бұрын тексеріс жол-көлік оқи­ғалары фактілері бойынша ғана жүргізіліп, зардап шеккен адам­дардың денсаулығына келтіріл­ген залал анықталатын. Енді бар­лық факторлар жан-жақты ескеріледі. Зардап шеккен адам дене жарақатын алуына қара­мастан медициналық мекемеге жүгіне алады.

Есепті деректердің нақты­лығын қамтамасыз ету мақса­тында және уәкілетті органдар­мен әрі қарай өзара іс-қимыл жасау үшін департамент “дөңге­лек үстел” ұйымдастырып, проб­лемалық жайттар талқы­ланды, өзгерістер мен толықты­руларға түсініктемелер берілді. Полиция және денсаулық сақ­тау ұйымдары арасында меди­ци­налық көмекке жүгінген адам­дар туралы мәліметтер беру бо­йынша меморандумға қол қо­йыл­ды. Нақты статистикалық де­ректер ғана жол-көлік оқи­ғала­рының орын алу себептері мен жағдайларын сапалы тал­дауға негіз болып табылады. Об­лыс ау­мағында жол-көлік оқиғаларын зерделеу, сондай-ақ жол қа­уіп­сіздігі деңгейін арт­тыруға ба­ғытталған шара­лар мен ұсы­ныс­тар әзірлейтін ве­домс­тво­ара­лық жұмыс тобы құ­рылған.

Жол қауіпсіздігі талаптарын бұлжытпай орындау – көлік ие­лері мен жаяу жүргіншілер үшін бі­рінші кезектегі міндет.

Мейірхан МАМЫТ,

облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаменттің прокуроры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp