«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН “ШАНШАР”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар аудандық Мәдениет үйінде елге белгілі “Шаншар” әзіл-сықақ театрының концерті өтті. 1994 жылы құрылған өнер ұжымының астарлы әзілін, уытты қойылымдарын тамашалауға келгендердің қатары қалың болды.

– Көктемгі су тасқыны еліміз­дің біраз өңірін әбігерге салды. Халқымыз табиғи апатты ауыз­біршілігінің арқасында жеңіп шық­ты. Зардап шеккен жан­дарға қаржылай көмектескен жомарт жандар аз болмады. Қамкөңіл жамағаттың көңілін көтеру мақсатында ұжымымыз­бен табиғи апатқа тап болған елді мекендерді аралауға ниет­тендік, – дейді “Шаншар” әзіл-сықақ театрының актері Уәли­бек Әбдірайымов.

Осынау шарадан жергілікті өнерпаздар да тыс қалмады. Қы­зылжар аудандық Мәдениет үйі­нің қызметкерлері Дамир Есбо­лов пен Сандуғаш Қазымова ән шырқап, жиналғандардың қоше­метіне бөленсе, айтыскер ақын Жұ­мабек Рахимов арнау айтып, кештің шырайын кіргізе түсті. Театр актерлері қоғамдағы түр­лі келеңсіз жағдайларды әзілге айналдырып, жиналғандардың езуіне күлкі үйірді.

– Көктемгі су тасқынынан зар­дап шеккен тұрғындарды рухани қолдау мақсатында ауданы­мыз­ға арнайы келіп, жергілікті жұрт­шылыққа тамаша көңіл күй сый­лағандарыңызға алғыс білдіре­міз. “Шаншар” театры – халық­тың жүрегінен орын алған ұжым­дардың бірі. Сіздердің қазақ өне­рінің дамуына қосып отырған үлестеріңіз орасан, – деген Қы­зыл­жар аудандық мәслихаты­ның төрағасы Жанат Елеусізов өнер иелеріне аудан әкімі Сақ­таған Сәдуақасовтың Алғыс ха­тын табыстады.

Жеке кәсіпкер Ғабдолқапар Бәри сатираның қос саңлағы атанған Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораның арқала­рына шапан жауып, қызылжар­лықтардың атынан жүрекжарды лебізін білдірді.

Табиғи апаттан зардап шек­кен елдің еңсесін көтеру мақса­тында өткізілген концертті тас­қын кезінде құрылған “Көкбөрі” қоғамдық ұйымы және аудандық Мәдениет үйінің әкімшілігі ұйым­дастырғанын айта кеткені­міз жөн болар.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Аяжан НҰРАХМЕТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp