«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕМІСТІ ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ет импорттаушылар мен экспорттаушылар клубының президенті Ма Гуаншэн бастаған Қытай ет қауымдастығының делегациясымен кездесті. Көрші елдің делегациясы Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің VII отырысына қатысты.

Бұл кездесу ШЫҰ саммитін­де екі мемлекеттің басшыла­рының арасындағы келісімдер­ге қол жеткізуге бағыттал­ған Қытай Халық Республика­сымен екіжақты ынтымақтас­тықты дамыту аясында өтті.

Кездесуде өзара тиімді ын­тымақтастық мәселелері тал­қыланып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу сала­сын­да бірлескен жобаларды жүзеге асыру ұсынылды. Ай­мақ­та қа­зірдің өзінде “АЙЦЗЮ” корпора­циясының агроөнер­кәсіптік кластерін дамыту бо­йынша Қазақстан-Қытай жоба­сы сәтті жүзеге асуда. “Тайын­ша-Май” майлы дақылдарды өңдеу зауыты іске қосылды. Сон­дай-ақ “Мемолюкс” диір­мен мен қоспажем зауыты салынуда.

Қытай делегациясы “ЕМС-Агро” ет комбинатында болып, шошқа кешенін 200 мың басқа дейін кеңейту және ет өндіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жобасымен танысты.

Солтүстік Қазақстан облы­сы мен Қытай арасындағы ын­ты­мақ­тастық өз жемісін беріп жат­қанын айта кеткен жөн. Не­бәрі 3 жылдың ішінде сыртқы сауда айналымы 2,2 есе өсіп, 117 мил­лион АҚШ долларын құрады.

Сапар қорытындысы бо­йын­ша қос тарап Солтүстік Қа­зақстан облысы мен Қытай ара­сындағы іскерлік және достық қарым-қатынас ұзақ мерзімді әрі жемісті болатынына сенім білдірді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp