«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңсыз берілген жер телімдері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары заңсыз иемденілген активтерді анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Өңіріміздегі кәсіпкерлік субъектілері Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, жалпы ауданы 10,2 мың гектар болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 14 жер телімін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.

Қадағалау органының шаралары аясында жоғарыда аталған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бүгінгі таңда аталған жер телімдері ауыл шаруашылығында мақсатына сай пайдаланылуда.

Сонымен қатар Қызылжар ауданы прокурорының талабы бойынша қала маңындағы 47 гектар заңсыз берілген жер телімі де мемлекетке қайтарылды.

Барлық қабылданған қадағалау шаралары аясында мемлекетке жалпы сомасы 300 млн. теңгеден астам актив қайтарылды. Қадағалау органының бұл бағыттағы жұмысы жалғасуда.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp