«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РҰҚСАТНАМА РЕЖІМІ ЕНГІЗІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі сот жүйесі жаңаша қа­лыптасып, еліміздегі түбегейлі өзгерістермен бірге реформа­ланып келеді. Сол себепті бұл салада ілкімді істер, айтулы өз­герістер аз емес. Заңдық, кәсіби біліктілік тұрғысынан ғана емес, сот саласы материалдық, әлеу­меттік жақтан да ілгері қадам басты. Қазір жүйелі түрде жүр­гізіліп жатқан жұмыстар өз нә­тижесін беруде.

Елімізде заң үстемдігін ор­на­ту тек құжат жүзінде ғана емес, ішкі тәртіп негізінде де қалыптасады. Сот – әділдік сал­танат құратын орын. Сондықтан бұл жерде қатаң тәртіп пен талап орын алуы тиіс. Сот ғи­маратына кірудің бұлжымас заңы, яғни өз тәртібі бар.

Сот жүйесінде рұқсатнама режімі әкімшілік ғимараттар­­дың қызметкерлері, жұмыскер­лер мен келушілердің өмір­леріне қа­уіп, денсаулығына зиян келтір­меу мақсатында ен­гізілді. Әкім­ші­лік ғимараттарға рұқсатнама арнайы құжаттар бойынша рас­талады. Мәселен, қызметшілер мен жұмысшылар тұрақты жеке “SMART” карта бойынша, ісса­пар­ға кеткен немесе келгендер, аумақтық органдардың қызмет­керлері мен жұмысшылары қызметтік куәлікті көрсете отыра қысқа ­мерзімді электронды карта арқылы, ал келушілер ке­зекші бөлімнің біржолғы рұқсат­та­масы бойынша жеке басын куәландыратын құжат пен қыз­меткердің ауызша өтінімі негі­зінде кіре алады.

Келуші ғимаратқа кірген кезде күзет қызметкеріне неме­се сот орындаушысына өзінің келу мақсаты туралы хабарлау­ға міндетті. Сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі, күзет қызметкерiнiң, сот орындаушысының талап етуi бойынша техникалық құрал­дарды пайдалана отырып қарап-тексеруден, егер заңды не­гiздер болса, жеке тексеру­ден өтуге және қол жүгiн тексе­ру­ден өткізуі, мемлекеттік меке­мелерде белгіленген тәртіпті және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау заңдылықтарын сақ­тауы тиіс.

Қызметшілер мен жұмыс­шыларға, келушілерге әкімшілік ғимарат пен оның іргелес ау­мағына тізімдегі тыйым салын­ған заттарды әкелуге рұқсат етілмейді. Қазақстан Республи­касының “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Заңына сәй­кес сот отырысы залына кіруге ұсынылған тізім бойынша сот ғимараттарына және сол аумақ­қа бұқаралық ақпарат құралда­ры өкілдерінің кіруіне рұқсат бе­ріледі. Сот отырысына қатысу­шы­лар техникалық ба­қылаудан өткеннен кейін сот орындаушы­ларымен күту за­лын­да отыра­ды. Отырысқа қа­тысушыларға сот қызметкерле­рінің қызмет орындарына шақы­ру­сыз кіруге тыйым салынады. Судьяларға, департаменттің және оның ау­мақтық органда­рының қызмет­керлеріне аза­мат­тарды (туыс­тарын, таныста­рын және т.б.) жеке мәселелері бойынша қабылдауына жол берілмейді.

Руслан КӘКІМОВ,

Петропавл қалалық мамандандырылған тергеу сотының приставы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp