«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кестеге өрнектелген өнер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаз басталғалы қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары елуге жуық сенбілік өткізіп, Петропавл қаласы мен аудан орталықтарының маңайын қоқыстан тазартты. Бұл жолы өрендер облыс орталығындағы Ғабит Мүсірепов көшесінде орналасқан жазушы Ғабит Мүсіреповтің ескерткішінің маңайына жиналды.

Бұл маңайда саябақ бар. Саябақта 4 орындық орналасқан. Әрқайсысының тұсында бір-бір қоқыс жәшігі тұр. Бұл жерде жергілікті тұрғындар жиі серуендейді. Бір-бірлерімен қуыспақ ойнап жүрген балаларды да жиі кездестіреміз. Қалалықтар саябақтағы жәшіктердің тазаланбайтынын айтып, арнайы мамандарға шағымданыпты. Жастар жәшіктерді жуып шыққан.

“Бұл орынды күтіп-ұстау коммуналдық қызмет өкілдеріне жүктелген. Біз өзіміз бастама көтеріп, саябақ маңын жинау туралы ұсынысымызды айттық. Әкімдік өкілдері қарсы болмады. Жазушының ескерткіші де әбден тозып кетіпті. Маңайындағы қаулап өскен шөпті жұлып, саябақты ретке келтірдік”,– дейді қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Мәдина Исмаилова.

Тазалық шарасына 30-ға жуық жас жұмылдырылды. Осындай игілікті істерге атсалысамын деген өрендер қатарының молайып келе жатқаны қуантады.

Шараға өз еркімен қатысқан жастардың бірі – Әли Әшкенов. Ол қазақ руханиятының дамуына айтулы үлес қосқан тұлғаларға арналған ескерткіштердің маңайын арнайы қызмет өкілдері ғана емес, әрбір тұрғын күтіп-ұстаса деген тілегін жеткізді.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp