«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ӘУРЕГЕ САЛҒАН РӘСІМДЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық кәсіпкерлер палатасында импортталатын тауарларды міндетті сертифи­каттау және кеден төңірегіндегі мәселелер қаралды. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан көлік прокуроры, аға әділет кеңесшісі Тимур Шуленбаев, сондай-ақ облыстық экономикалық тергеу, мемлекеттік кірістер департаменттерінің, “Ресей темір жолы” акционерлік қоғамы және облыстық көліктік бақылау инспекциясының өкілдері қатысты.

Жиында Тимур Шуленбаев мемлекеттік органдар мен ұлт­тық компаниялар тарапынан оз­бырлыққа тосқауыл қою арқылы инвесторлардың құқықтарын қор­ғауға кепілдік беретін прокурорлық сүзгі сияқты құралдың маңыздылығына назар ау­дарды.

– Енді инвесторлар үшін ауыр зардаптарға әкеп соқты­ратын барлық тыйым салу және шектеу шаралары прокуратура­мен келісілуі керек. Бұл салықтық тексерулерге, әкімшілік құ­қық бұзушылық туралы істерді қозғауға, қызметті тоқтата тұру­ға, лицензияларды қайтарып алуға және басқа әрекеттерге қатысты. Бүгінгі кеңестің басты мақсаты – бизнесті қорғау бо­йынша жұмысты күшейту, – деп атап өтті Тимур Шуленбаев.

Кездесу барысында бизнес өкілдері импортталатын тауар­ларды міндетті сертификаттау, кедендік тазарту және “John Deere” ауыл шаруашылығы техникасын әкелу мәселелерін көтерді. “КАМЕТЕХ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ди­рек­торы Руслан Хасенов Қазақ­станда міндетті сертификаттау рәсімі кедендік рәсімді кешік­ті­ре­тінін және қосымша қаржы­лық шығындарға ұшырататын айтты. Кәсіпкерлер міндетті сер­тификаттау рәсімінің тиімділі­гіне күмәндәніп отыр.

Кездесуге қатысқан облыс­тық мемлекеттік кірістер депар­та­менті кедендік бақылау бас­шысының міндетін атқарушы Сергей Чесенконың айтуынша, тауарларды міндетті сертифи­кат­тау азаматтар мен көлік құ­ралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл ретте ол Қазақстан шет мемлекеттер­дің сертификаттарын өз растауынсыз тани алмайтынын атап өтті.

Жиында АҚШ-тан әкелінетін пайдаланылған “John Deere” ауыл шаруашылығы техникасына қатысты мәселе де талқы­лан­ды. Қазақстандық кеден ор­гандары зияткерлік меншіктің құ­қық иеленушісінен рұқсатты та­лап етеді. Бұл жағдайда кеден­дік рәсімдеуден бас тартылуы мүмкін және қалтаға салмақ тү­седі. Аталған мәселе солтүстік­қазақстандық кәсіпкерлерді алаңдатып отыр.

– Осы рұқсатқа сүйене оты­рып, бізге кедендік рәсімдеуге рұқсат беріледі немесе бас тар­тылады. Мұның бәрі құқық иеле­ну­шінің сенімді тұлғасы – Алма­тыда орналасқан жауапкер­ші­лігі шек­теулі серіктестігіне бай­ла­ныс­ты. Ал бұл сенімді тұлға­да өндірушіден сенімхат бар-жо­ғын ешкім тексерген емес, – деді “КАМЕТЕХ” серіктестігінің директоры Руслан Хасенов.

Оған кедендік бақылау бас­шысының міндетін атқарушы Сергей Чесенко “John Deere” құ­қық иесінің сенімхаты Жоғарғы соттың шешімімен расталға­нын, ал бүкіл әлем бойынша зияткерлік меншікті бақылау зияткерлік меншік құқықтары­ның сауда аспектілері жөнін­дегі келісіммен (ТРИПС) жүзеге асы­рылатынын айтты. Алайда сол­түстікқазақстандық кәсіпкер­лер­дің пікірінше, импортты шектеу отандық ауыл шаруашы­лы­ғы тауарын өндірушілерді төмен бағамен сапалы техниканы са­тып алу мүмкіндігінен айыра отырып, нарықтағы бәсекелестікті төмендетеді.

Екі жақты айтыстартыстан кейін кәсіпкерлер палатасының өкілдері мемлекеттік органдар мен прокуратураға “John Deere” техникасын әкелуден бас тар­тып, саны бойынша талдау жүр­гі­зуді ұсынды. Әсіресе, бас тар­тудың себептерін, сенім білді­рілген адамның іс-әрекетінде заңсыздық бар-жоғын нақты тексеру қажет.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp