«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Баспана – бақыт мекені

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда тасқыннан зар­дап шеккен тұрғындардың тағы бір легіне “Бірлік” шағынауда­ны­нан жаңа үйлердің кілті тапсы­рылды.

Бүгінде аталған шағынау­данда құрылыс жұмыстары қыз­ған. Мұнда тасқыннан зардап шек­кендерге 700 үй салынуда. Күні бүгін соның 150-ден астамы өз иелерін тапты. Қалғаны қа­зан айына дейін кезең-кезеңмен тапсырылады.

Қалалық қоғамдық комис­сия­ның мәліметінше, осы уақыт­қа дейін баспанасыз қалған 2000-ға жуық адамның өтініші қаралған. Олардың ішінде 500 адам “Бірлік” шағынауданында салынып жатқан үйлерді алуға өтініш берген.

“Тасқыннан зардап шеккен тұр­ғындарды жаңа баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары Мемлекет басшысының тапсыр­масына сай орындалып жатыр. Жаңа баспана қуаныш пен бе­реке әкелсін. Қоныстарыңыз құт­ты болсын!” – деді облыс әкімі­нің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.

Жаңа баспанаға қол жеткіз­гендердің бірі – Жасұлан Әубәкі­ровтің үйі көктемде суға кетіп, тұруға жарамсыз деп танылған. Содан бері пәтер жалдап келген оның қуанышында шек жоқ.

– Үйіміз дөңде тұрғандықтан су келмейтін шығар деп ой­лағанбыз. Бірақ тілсіз жаудың келу қаупі жоғары болғандық­тан, отбасымды қауіпсіз жерге көшірдім. Қауіптенгенімдей, кеш­ке қарай үйге су кірді. Жалпы ескі үйіміз тар еді. Жаңа үйдің бөл­мелері үлкен, кең, жарық екен. Отбасыма ұнады, – деді қала тұрғыны Жасұлан Әубә­кіров.

Бұрын жазық дала болған “Бірлік” шағынауданы қазіргі таңда үлкен құрылыс алаңына айналған. Алдағы күндері ша­ғынауданды толық абаттанды­ру, спорт алаңдарын салу жос­парланып отыр. Құрылыс сапа­сы да қатаң бақылауға алынған. Әр үйге 2 жыл кепілдік беріледі. Сондай-ақ 90 балаға арналған балабақшаның құрылысы жүру­де. Әлеуметтік нысан қыркүйек айының соңында тапсыры­лады.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Аяжан НҰРАХМЕТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp