«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Күй керуені

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірдегі мәдениет ме­­кемелері арасында ұлт­тық руханияты­мызды ұлық­тау, төл мәдение­тіміздің құнды қазына­сын сақтау мақ­сатында “Күмбірлеген домбыра” атты чел­лендж өтті.

Игі бастама аясында мәдени ұжымдар ұлттық аспап – дом­бы­ра шертіп, өз өнерле­рін ортаға салды. Ата-бабамыздан қал­ған асыл мұраны дәріп­теу, өнерге құрмет осындай игі істен бас­талады. Облыстық мә­дениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасынан бастау алған челленджге халық шығарма­шы­лы­ғы және мәдени-бос уа­қыт, та­ри­хи-мәдени мұраны қор­ғау және пайдалану орталықта­ры, Ақан сері атындағы облыс­тық филар­мония, Н.Погодин атын­да­ғы об­лыс­тық орыс драма театры, мұ­ражайлар мен бірқа­тар кітап­ха­налар қатысты. Күй ше­руінде Айыртау, Шал ақын, Мамлют, Есіл аудандары да бел­сенділік таныт­қанын айтқан жөн.

– Еліміздің мәдени мұрасын сақ­тау, өскелең ұрпақтың бо­йын­­да патриоттық сезім қалып­тас­ты­ру мақсатындағы игі бас­тама шығар­машылық ұжымдар тара­пынан бірауыздан қолдау тапты. “Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра” деп Қадыр ақын айт­пақ­шы, ұлттық аспап – әр қазақтың ру­хы мен жаны. Дом­быраның күм­бірінде қазақтың асқақ арманы, мақ­сат-мұраты, ел­дігі мен ерлігі жа­тыр. Сондық­тан бұл шараның ма­ңызы зор. Халқымыз қадір тұтқан қара дом­быраның қасие­тін артты­рып, абыройын одан әрі асқақтатқан челлендж қала күні аясында қо­рытындыланды, – деді облыс­тық мәдениет, тілдерді да­мыту және архив ісі басқарма­сының бөлім басшысы Аягөз Нұр­сейітова.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp