«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫМБАТ ОТА ТЕГІН ЖАСАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық көпбейінді ауруханада жоғары қан қысымы бар сырқат­тар­­ға заманауи ота жа­салды. Астана қаласының жоға­ры санат­ты дәрігері, эндовас­ку­ляр­лық хирург Евгений Мун арнайы ке­ліп, ауруха­наның басшы­лығы және хирургия бө­лімшесі ма­мандарының қолдауымен көкбауыр артериясын эн­доваску­лярлық, ішінара эмболи­зациялау бойынша шеберлік сағатын өткізді.

Көкбауыр артериялық қан ағымын төмендету – көкбауыр артериясының ішінара эмболи­зациясынан тұратын порталдық гипертензияны түзету әдісі. Көкбауыр артериялық қан ағы­мын төмендету жамбас немесе артерияның пункциясы арқылы эндоваскулярлық әдіспен жүзе­ге асырылады. Арнайы өткізгіш­тің көмегімен спираль көкбауыр артериясына орнатылады, ол тамырдың ішін толығымен жа­уып тастамайды, бірақ артерия­лық қан ағымының көлемін азай­тады. Ішінара эмболиза­ция­ны бауыр циррозы бар емделушілерге де қолдануға болады.

Қымбат тұратын жедел ем­деудің бұл түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында толығымен тегін жүр­гізілді. Облыстық аурухана ма­мандарының айтуынша, қа­зір­гі уақытта науқастардың жағ­да­йы жақсы, хирургия бөлімі дә­рі­герлерінің бақылауына алын­ған.

“Біз мұндай шеберлік сағат­тарын жиі өткізіп тұруға тыры­самыз. Облыстық аурухана мамандарына тәжірибесі мол елордалық ақхалаттылардың үйретері көп. Шеберлік сағатына қатысатын дәрігерлердің қата­рын молайтуға ерекше көңіл бө­лінуде”, – дейді емдеу мекеме­сінің директоры Серік Амрин.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp