«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА – ОҢ БАҒА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Мағжан Жұ­ма­­баев ауданына жұмыс са­па­ры­мен барып, ең алдымен По­луди­но ауылында орна­лас­қан өмір­лік қиын жағ­дай­да қал­ған балаларды қолдау ор­талығын жөндеу жұ­мыста­рымен танысты. Бүгін­де аталған мекемеде 50-ге жуық бала тәрбиеленуде.

Орталық директорының тәрбие жұмысы жөнінде орын­басары Татьяна Сергееваның сө­зінше, 2018 жылы мұнда мұ­ра­жай ашылған. Онда өткен та­рихтан сыр шертер ақпараттар жинақталған. Өңір басшысы ме­кеме тәрбиеленушілерімен әңгі­мелесіп, балаларға сый-сияпатын тапсырды.

Содан соң облыс әкімі Полу­ди­но ауылында орналасқан “По­лу­динское” тауарлы-сүт ферма­сы­ның құрылыс жұмысымен де та­нысты. Жобаның жалпы құны – 3 млрд. теңге. Бұл жерде симмен­­­таль және гольштино-фриз тұ­қымды 707 бас ірі қара өсіріледі.

– Біз 2 млрд. теңгеден астам қаражатты игердік. Жаңа ферманың құрылысы жалғасып жатыр. Алдағы уақытта бұл ны­сандардан бөлек тағы да екі кешеннің құрылысын жүргізу жос­парланған. Бүгінгі таңда бізде 707 бас симменталь және голь­штино-фриз тұқымды ірі қара мал бар. Барлығы Еуропа ел­дерінен жеткізілген, – дейді се­ріктестік басқарушысы Заур Га­саков.

Өңір басшысы атқарылып жат­қан жұмысқа оң бағасын бе­ріп, жаңа жұмыс орындары мен мал басын өсіруді тапсырды. Содан кейін Ғауез Нұрмұхам­бе­тов Қарақоға ауылында орна­ласқан дәрігерлік амбулатория­ның жұмысымен танысты. Бұл дәрігерлік амбулатория Президенттің ауыл­дарда медициналық мекемелерді салу жобасының аясында тұр­ғызылған. Мұндағы жергілікті тұрғындар медициналық нысан жұмысына риза екендіктерін жеткізді.

Сапар барысында Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Қайрат Омаров ау­данның қысқы жылыту маусы­мына дайындығы жайлы баян­дады. Жалпы ауданда 54 жы­лыту қазандығы жұмыс істейді. Оның 36-сы автономды, 17-сі жер­гілікті, ал біреуі орталық.

– Бүгінгі күні көмір қажеттілігі 39 мың тоннаны құрайды, оның 30 пайызы дайын. Ден­сау­лық сақтау нысандары бо­йынша қажеттілік 10374 тонна, оның 35 пайызы әзірленген. Ау­данымызда 3 көмір сақтау орны бар. Бүгінгі таңда онда 1703 мың тонна көмір әзірленген, – деді аудан әкімі Қай­рат Омаров.

Содан соң облыс басшысы Қа­рақоға ауылындағы күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйіне бас сұқты. Бұл мәдениет кешенін келесі жылы республи­калық “Рухани қазына” бай­қауына қатыстыру жоспарда бар. Нысанда күрес, үстел теннисі залы, ауылдық кітапхана және тағы да бірқатар мәдениет және спорт орталықтары жұмыс істеп тұр. Қарақоға ауылы та­лантты спортшы­ларымен танымал. Бұл жерде талай республикалық сайыстардың жеңімпаздары мен спортшылар тәрбиеленген. Күреске ерекше көңіл бөлінуде. Бұл спорт түріне ауыл жастары қызығушылықпен қатысады.

Облыс басшысы “Бу­лае­во Агро” серіктестігінің астық сақтау орнына барды. Бұл серіктес­тіктің ашылғанына 3 жыл бол­ған. Қысқа уақыт ішінде серік­тестік облыс бойынша жақсы көрсеткіштер көрсетуде.

Өңір басшысының жұмыс сапары “Ноғайбай” серіктес­ті­гінде жалғасты. Диқандар облыс әкіміне істеліп жат­қан жұмыстар бойынша есеп берді.

– Былтырғы егін жинау нау­қанынан соң алқаптың барлығын тазаладық. 1 гектар жерге 120 келі аммофос тыңайтқышын ен­гіздік. Ал көктемнің басында сұйық тыңайтқыш септік. Биыл­ғы жылы жақсы көрсеткіштерге жетеміз деп ойлаймын, – дейді “Ноғайбай” серіктестігінің ди­рек­торы Алтынбек Сапаров.

Ғауез Торсанұлы аудандағы жолдарды жөндеу жұмыста­рымен де танысты. Ау­данға биыл жолдарды жөндеуге 6,5 млрд. теңге қаражат бөлін­ген. Чистое – Қарақоға жолының шекара ау­мағына дейінгі 13 шақырымы, Су­лышоқ – Возвышенка бағытын­дағы 38 шақырым жол күр­делі жөндеуден өтуде.

– Облыстық маңызы бар жол­дар бойынша Қарақоға – На­дежка, ауданішілік жолдар бойынша Ұзынкөл – Возвы­шен­ка және Лебяжье ауылына кірер жолдың 12,9 шақырымы жөнде­луде. Бұдан бөлек Байтерек, Полтавка, На­дежка, Возвышенка және Жас­тар ауылдарында ішкі жолдарды жөндеуге қаржы бөлінген. Бұл жұ­мыстарға 638 млн. теңге қа­ражат қарастырылған және Бу­лаево қаласының 3 жолын жөн­деуге 297 млн. теңге қаражат бөлінген, – деді Қайрат Омаров.

Жұмыс сапарының соңында Ғауез Нұрмұхамбетов Булаево қаласында орналасқан спорт ке­шенінің жұмысымен танысты. Бұл жерде облыстық және аудандық “Ақбидай” ойын­дары өтеді, жабық спорт залы мен хоккей корты орналасқан. Өңір басшысы спорттың дамуына кө­ңіл бөлуді тапсырды.

Азат ҚҰРМАШ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp