«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Jas kenes siylygy” республикалық байқауына өңірімізден 5 азамат қатысады. Олар – “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамының қызметкерлері.

Республикалық байқау биыл Президент жанын­дағы жастар кеңесінің баста­масы­мен ұйымдастырылған бола­тын. Оның мақсаты – жас жұ­мысшы мамандарды ынта­лан­дыру және олардың қыз­метін өзгелерге үлгі ретінде көрсету.

Республикалық марапат 7 аталым бойынша беріледі. Байқау барысында денсаулық сақтау, құқық қорғау, білім беру салаларында қызмет етіп жүр­гендер мен еріктілердің еңбегі де бағаланбақ.

“Өнеркәсіп” аталымында бақ сынауға Петропавл ауыр машина жасау зауыты 5 қыз­меткерін жіберді. Бұл номина­цияда басты жүлде – 1 млн. теңге. “Зауыт байқауға 5 жыл ең­бек өтілі бар Әлібек Уатаевты ұсынды. Өткен жылы ол “Ең­бек жолы” байқауында үшінші жүл­делі орынды иеленді. Сон­дай-ақ шебер Антон По­луян мен электр-монтаж­дау­шы Иван Демин де бақ сына­мақ. Нико­лай Лиханасов пен Да­нил Замяткин биыл ғана жұ­мыс­қа қабылдан­ды. Жас ма­ман­дар үшін бұл алғашқы кә­сіби байқау болып табылады”, – делінген “Петро­павл ауыр машина жа­сау зауы­ты” АҚ-ның баспасөз қызметі берген мә­ліметте.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp