«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕГІН КУРС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде мүмкіндігі шектеулі жан­дарға арналған оқыту курсы ашылды. Шараны “АРДОС-Жү­рек” ұйымы “TEN QOGAM” әлеу­меттік қолдау орталығының жо­басы аясында ұйымдастырып отыр. Курсқа қатысуға әзірге төрт адам ниет білдіріпті. Солар­дың бірі – Анастасия Геранюш­кина. Нәзік жан бухгалтерлік істің қыр-сырын меңгеріп жүр.

– Менің негізгі мамандығым – мұғалім. Бухгалтерлік қызмет са­ласы бұрыннан қызықтыратын. Бұл кәсіптің қыр-сырын танудың сәті туғандықтан оқып алуды жөн көрдім. Сабақ қиын деп айта алмаймын. Дәріс оқушылар та­қырыпты жақсы түсіндіреді, – дей­ді Анастасия Геранюшкина.

Дәріс оқушы мамандар – жергілікті бухгалтерлік фирма қыз­меткерлері. Жалпы бұл “АРДОС-Жүрек” ұйымы қолға алған жалғыз бастама емес. Ал­да әлі 5 кәсіптің қыр-сырын тануға мүм­кіндік беретін курстар ұйымдас­тырылмақ. Олар: биз­нес бастау әрі жүргізу, мобило­гроф, веб-ди­зайнер, тағысын тағы. Қарап отыр­саңыз, барлығы – сұранысқа ие бағыттар. Оқыту курсы бас­тал­мас бұрын тыңғы­лықты дайын­дық жүргізіледі, әуелі топ құрыла­ды, сосын азаматтардың қалауы сұ­рала­ды, ұсыныс-пікірлері еске­рі­леді. Зерттеп-зерделеуден кейін тәлімгерлер іздестіріледі.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp