Енді автосалоннан жаңа көлік сатып алғанда, көлік құралын тіркеу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ.
Автосалонда көлікті тіркеуге, мемлекеттік нөмірді таңдауға және техникалық паспортты ресімдеуге болады. Бұл ретте құжаттарды Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылдайды. Қанатқақты жоба “Hyundai Petropavlovsk” автосалонында іске қосылды.
– Бұрын жаңа автокөлікті сатып алғанда, азаматтар мамандандырылған ХҚКО-ға баруға мәжбүр болды. Енді біздің қызметкеріміз құжаттарды автосалонда қабылдайды. Мұның барлығы тұрғындарға жылдам әрі тиімді қызмет көрсету мақсатында ойластырылды, – деді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Еркін Жұмабай.
Петропавл қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да 2024 жылдың басынан бері 1860 көлік тіркелді.
“Qyzyljarnews.kz”.