«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қанатқақты жоба

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Енді автосалоннан жаңа көлік сатып алғанда, көлік құралын тіркеу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ.

Автосалонда ­көлікті тір­кеуге, мемлекеттік нөмірді таңдауға және техни­калық паспортты ресімдеуге бола­ды. Бұл ретте құжаттар­ды Мемлекеттік корпорация қыз­меткері қабылдайды. Қа­нат­қақты жоба “Hyundai Pet­ro­pavlovsk” автосалонында іске қосылды.

– Бұрын жаңа автокөлікті сатып алғанда, азаматтар ма­мандандырылған ХҚКО-ға ба­руға мәжбүр болды. Енді біз­дің қызметкеріміз құжаттарды автосалонда қабылдайды. Мұның барлығы тұрғындарға жылдам әрі тиімді қызмет көр­сету мақсатында ойласты­рылды, – деді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ Солтүс­тік Қазақстан облысы бойын­ша филиалының директоры Еркін Жұмабай.

Петропавл қаласындағы ма­ман­дандырылған ХҚКО-да 2024 жылдың басынан бері 1860 көлік тіркелді.

“Qyzyljarnews.kz”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp