«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАЛДЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК – ОРТАҚ МІНДЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласында реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.

Әдеп жөніндегі кеңестің қыз­меті – қызметтік тәртіпті нығай­туға, мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін арттыруға бағытталған маңызды тетік.

Департаменттің міндеті құқық бұ­зушылықтардың алдын алу, мем­лекеттік қызметшілердің қыз­меттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін артты­ру және тәртіптік теріс қылықтар­ды қарау болып табылады.

Әдеп жөніндегі кеңес хат­шылығының жұмысы жоспарлы міндеттерді орындауда ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызмет, азаматтардың өмірін жақсартуда туындайтын өт­кір жағдайларға же­дел ден қоюда да жатыр.

Қоғам үшін аса маңызды құрылыс, сәу­лет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы сала­сына тоқталғым келеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лығы са­ла­сын­дағы қатынастар заңна­ма­лық тұрғыдан жүйелі жетіл­дірілге­німен, жергілікті атқару­шы органдардағы мемлекеттік мекеме басшылары мен ма­мандарының тәртіп бұзу­шы­лықтары әлі де тыйылар емес.

Азаматтардың прокуратура органдарына жазған өтініш­тері­нің ішінде ТКШ саласын­дағы заң­наманы бұзу мәселе­лері алдыңғы орында тұр. Олар өз ке­зегінде тиісті тексе­рулер жүр­гізіп, тәртіптік жауапкершілікті қарау туралы белгісі бар құқық бұзушы­лық­тарды жою үшін мемлекеттік мекемелерге ұсы­ныс­тар жібереді.

Мұнда қызметтік тәртіп “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заң­ның (бұдан әрі – Заң) 7-тарауының 43-бабына сәйкес рет­те­леді. Мемлекеттік қызметшілер өзде­рі­нің қызметтік міндет­терін орын­дамағаны немесе тиісінше орын­дамағаны үшін еліміздің заңда­рына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыс­тық жауап­тылықта бо­лады. Жо­ға­рыда аталған заң­ның 44-бабына сәй­кес мем­лекеттік қыз­метшінің тәртіптік теріс қылығы – мемлекеттік қыз­метшінің өзіне жүктелген мін­деттерді құқыққа қайшы, кінәлі орындамауы не­месе тиісінше орындамауы, лауа­зымдық өкілеттіктерін асы­ра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сол сияқты мемлекеттік қызметте болуына байланысты Қазақ­стан Респу­бликасының заңда­рында белгіленген шектеулерді сақта­мауы.

Прокуратура органдарынан келіп түскен материалдардың, атап айтқанда 2024 жылдың 1 жарты жылдығында азамат­тардың жекелеген шағымдарының қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесте 8 тәртіп­тік іс қаралды. Оның үшеуі құ­рылыс және сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларының басшыларына қа­тысты болды.

Негізінен теріс қылықтар мем­лекеттік сатып алу кезінде орын алады. Онда басшылар орындалған жұмыстар актіле­ріне, су­мен жабдықтау желілерін салу және жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту ке­зінде сатып алу-сату шарт­тары­на қол қою кезінде қателіктер жібереді.

Қызметшілердің барлық те­ріс қылықтары енгізілген шешімдер­ді дайындау және қабылдау ке­зінде заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық беру түрінде көрініс тапты. Осы ретте оларды атқа­рып отырған лауазымынан боса­ту, беделін түсірген теріс қылық­тары үшін толық емес қызметтік сәйкестігі туралы ескерту түрінде тәртіп­тік жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдар жасалады.

Көптеген басшылар бюджет қаражатын игеруге ұмтылып, әр жылдың соңында келі­сім-шарттық міндеттемелерді тезірек жа­буға тырысады. Со­нымен қатар бағыныштыларына қызметтік және орындау­шылық тәртіп шараларын қолданбай, өрескел тәртіптік теріс қылықтар жасайды.

Құқық қорғау органдарының материалдары бойынша 3 тәртіптік іс қозғалды, олар мемлекеттік қызметшілердің іс-әре­кеттерінде беделін түсіретін теріс қылық құрамының бол­мауына байланысты тоқтатылды. Жоға­рыда айтылғандар – Әдеп жөнін­дегі кеңес айыптаушы емес, со­нымен бір­ге мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын белсенді қорғайтынының да дәлелі.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері құрылыс, сәулет және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы аумақтық және жергілікті атқарушы орган­дарды жауапкершілікке тар­ту­дан басқа, басшылардың тәр­тіптік теріс қылықтарға жол бермеуі және олардың тиісті кодекстің нор­­маларын сақтауы жөнінде нақ­ты ұсыныстар бе­реді.

Осындай құқық бұзушылық­тарды болдырмау мақсатында департамент Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңнамасын түсінді­ру бойынша теориялық сабақтар өткізе отырып, тиісті шаралар қабылдайды.

Абзал ОРАЗЫМБЕТОВ,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp